» » Қоқысқа тіл біткенде

Қоқысқа тіл біткенде


Сенбілікке дейін...
Қыс бойы қар астына жасырынған қоқыстар «патшалығы» мұз ерігенде қылтиып төбесін көрсетті. Күнге қыздырынып, сықырая көзін аша алар емес. Әрі өткен, бері өткен өзге әлемнің адамдары ештеңені көрмейтін, табиғатпен тілдеспейтін мылқаудай. Тек қоқыс санының өсуіне үлесін қосып, кең ауада тыныстауына жол ашуда...
Ішінде суы мұз боп қатқан құты күңкілдеуін қояр емес. Сірә, ұйқысынан оянып, ескен желмен көше аралағанды сағынған-ау.
– Ол кезді еске алмау мүмкін емес. Дүкен сөресінде өмір сүрген кезімді айтамын. Бір дана құты болсам да, бағам наннан екі есе жоғары. Бірақ, жартылай тұтынады да керек қылмай тастай салады. Міне енді күн суықта тұла бойым мұзға қатып, домалай алмай жатырмын. Анау арақтың бөтелкесіне қараңызшы. Түбінде бір тамшы да қалмаған. Біз секілді әрі-бері жер аударып жүрген жоқ. Иесі оны «мәпелей» ұстап, қоқыс жәшігіне қойып кетті, – деді құты күрсіне.
– Маған неге қызығасың? – деген бөтелке ызалы жауап қатты. – Жүрісім мынау, қолдан-қолға ауысып. Кейде дымға қарамастан сындыра салады. Әлгінде бір топ жігіттер белімнен ұстап алып, көшенің қақ ортасында жерге бір ұрмасы барма. Шытынап кеттім. Оны қойшы, мектептен қайтқан балақай аяғын жаралап алды. Біреуге зияным тимей тұрғанда біреуі келіп жолдан жиекке шығарса деп ұзақ күттім. Ой, тоба-ай! Біреуі қайрылып қарамады ғой, – деді.
Осы сәтте түтініне қақала жөтелген темекінің тұқылы тіл қатты. Біреуі жасырына шегіп, осы қуысқа лақтыра салған секілді.
– Тыңдаңдар! Мен бар жаңалықты ала келдім. Өзге әлемдіктер біз ойлағандай емес екен. Олардың жақсылары да бар, – деді темекі ентігін баса алмай. – Мұнда сіздер қыс бойы қар астында жаттыңыздар. Енді біз өз мекенімізге ораламыз...
Сенбіліктен кейін...
Қалдықтар, бөтелкелер, үйден шыққан қоқыстар қолын аспанға көтеріп қуана алмады. Себебі оларда күдік басым еді. Мекеніне оралғанымен оларға «жауыз» көрінгендер қайта әкеліп тастамасына ешкім кепілдік бермеді. Керісінше қабағы қатулы адамдар қапқа олай да бұлай тығындап, «аялдамаға» қойып кетті...
Айнұр ӘЛИ

11 наурыз 2020 ж. 855 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№3 (10371)

14 қаңтар 2025 ж.

№2 (10370)

10 қаңтар 2025 ж.

№1(10369)

07 қаңтар 2025 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 289
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031