» » Сенбілік өтті: нәтижесі қандай?

Сенбілік өтті: нәтижесі қандай?

Таяуда тағайындалған аудан әкімі Мұса Қалдарбеков бірнеше күнде кенттегі біраз мекемемен танысып, бірқатар ауылдың тыныс-тіршілігін бағдарлап шықты. Осы орайда жаңа басшының тазалыққа аса мән беретінін бірден аңғардық. Өзінің төрағалығымен өткен алғашқы тұрақты кеңесте де сенбілікке салғырт қарамауды қатаң тапсырған. Иә, таза, қауіпсіз орта болмайынша, ешбір ісіміз ілгері баспайды. Өзіміз қандай орта қалыптастырсақ, соған сай өмір сүреміз.
Осы қағиданы отбасында ата-аналар, балабақшада, мектепте тәрбиешілер мен мұғалімдер баланың құлағына құйып, санасына орнықтыра білуі керек.
Баланың үлгісі, айнасы – ата-анасы, тәрбиешісі мен ұстазы.
Бала қоғамдық тәртіпке мән бермейтін, тазалықты сақтамайтын болса, оған, ең алдымен әке-шешесі жауапты. Сондықтан, жас ұрпаққа өзіміздің нақты іс-әрекетімізбен үлгі-өнеге көрсетуіміз, кентімізді таза, тәртіпті орталық етіп құру жолында жұдырықтай жұмылуымыз керек. Бүгін тазартсақ, ертесіне бұрынғылас қалыпқа түседі. Абаттанған аллеяда күзетші болмаса, егілген гүл қараусыз қалар еді. Гүлді таптау үшін емес, баптау үшін, көше көркін сақтау үшін ектік емес пе?
Үйінің маңайы қоқыс болып жатса, үй ішіндегі тазалықтан не қайыр? Кәсібінен нәсіп тауып отырған кәсіпорын, дүкен, шеберхана, асхана қожайындары, тіпті такси жүргізушілері өздері тұратын жердің тазалығына ерекше мән беруі тиіс.
Сенбіліктің серпінін бағамдау үшін кентті аралап шықтық. Сейтжан ақын көшесінде «Октябрь топтық су құбыры» өндірістік мекемесінің 30-ға жуық қызметкері қызу жұмыс істеді. Көлік көп жүретін көшенің тазалығын сақтауға аянбады. Арық ішіндегі шөпті шауып, қоқыс қағазын өртеп, қалғанын көлікке артты. Ұйымдастырып жүрген Самат Қабақов:
– Өткен сенбіде де ұжым мүшелері ауызбіршілікпен қатысты. Бұл жолы сағат 8.30-дан бастап тазалауға кірістік. Күні бойы компьютерде отырған маманға бір күн күрек пен қалақ ұстап, өлке тазалығына атсалысу меніңше қиын шаруа емес, – дейді.
Сонымен қатар орталық аурухана, «Азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ-ның Қызылорда облыстық филиалының Қармақшы аудандық бөлімшесі, т.б. мекемелер өздеріне бекітілген көшелерге, Сарыөзек маңын қоқыстан тазартты.
– Тазалық айлығы жарияланғалы екі рет сенбілікке шықтық. Кентте 114 көше болса, соны барлығына жауапты мекеме бар. 6 аймаққа бөлініп, әр аймақтың тазалығын қадағалайтын жауапты маман бекітілді. Тұрғындарға ескертпе мен сенбілікке атсалысуға шақыру қағазы таратылуда. Сенбілікке барлығы 3000-ға жуық адам, 15 техника тартылып, 136 мекеме қызметкері жұмылдырылды және тазалық барысында 1325 метр шарбақ сырланып, 7 шақырым арық тазаланды. 534 тұрғын үйдің сырты мен 1482 ағаш түбі әктеліп, 529 м3 күл-қоқыс шығарылды.Көше комиттеттері де қызу жұмыс істеп жатыр. Туған өлкеге деген жанашырлығымыз дәл осы қарқынмен жалғасатын болса таза аймаққа айналатынымыз ақиқат, – дейді сенбілік жұмыстарының ақпарын берген маман Жандияр Сапиев.
Біз рейд немесе сенбілік іс-шараларымен ғана шектелмеуіміз қажет. Науқаншылыққа бой үйретіп алғандаймыз. Расында, тазалық әрбір тұрғынның үлес қосар дағдысы болуы керек. Бізде әлі де болса жол бойына қоқыс төгу, темекі тұқылын тастау, қоғамдық орындарды бүлдіру әрекеттері тыйылмай тұр. Тазалық тазалаған жерде емес, таза ұстаған жерде болатынын ұмытпайық.
Гүлжанат ДҮЗЕНОВА

23 қыркүйек 2019 ж. 2 073 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№102 (10367)

28 желтоқсан 2024 ж.

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031