» » Кәсіптің көзін тапқан ер

Кәсіптің көзін тапқан ер


ЖОСАЛЫ, 16 ақпан – qarmaqshy-tany.kz Сағаттың тілі тапжылмастан ілгері жүріп тұр. Адамзат та осы дүниенің заңына бағынып, ой-өрісін кеңінен дамытуда. Қазіргі күніміз бір кездері адамның ойына кіріп-шықпағаны нақ. Алайда қазір технология қарыштап дамыған кез. Соның бір дәлелі – телефон мен компьютер. Жанымыздан бір елі тастамайтын сол «қалтафон» арқылы тек уақыт қана өткізбей біраз шаруаны тындырып жүргеніміз рас. Кейде бірақ ол «досымыз» да сыр беріп, «ауырып қалатын» кезі болады. Байланыс құралының мұқабасы, қуаттағышы мен құлаққабы тағы бар. Міне, осының барлығын сізге ұсынатын жан – Сабыржан Кенжебекұлы.
     Бірде әріптесім жаңа «қалтафон» алып, маған көрсетті. Соңғы үлгідегі жақсы смартфон. Бірден мұқаба мен қорғаныш әйнек сатып алуды ұсындым. Ол ойланбастан Сабыржан деген інімнен аламын деді. Басында аса мән бермегеніммен, кейінірек бұл есімді көп еститін болдым. Қармақшының тумасы болмаған соң ауылда кімге жүгіну керегін көп біле бермеймін. Сонда аты көп аталса өз ісінің маманы болғаны ғой деген ой келді. Сұрастыра келе расымен сенуге тұрарлық маман екеніне көзім жетті.
      – Студенттік кезде Қызылорда қаласында аксессуарлар сататын дүкенде жұмыс істеп жүрдім. Жұмыс барысында телефон жөндеуді де үйрендім. Кейін шағын несие алып, туған жерімде, Жосалыда, бір дүңгіршек аштым, кәсібім алға басты. Ең алғашқы тұтынушым телефонына қорғаныш әйнегін орнатқан еді, – дейді күлімдеген кейіпкеріміз.
      Үйренгенін текке кетірмей, телефон жөндеу ісін бастау керектігін түсінген соң, кәсіпкерге көрсетілетін көмек арқылы өз ісін әрі қарай дөңгелетуді көздеген. «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының көмегімен «Бастау» кәсіпкерлік негіздерін оқып, қайтарымсыз несиеге қол жеткізген. Қолдаудың көмегімен телефон жөндейтін құралдар сатып алған. Өткен жылдың 15 қаңтарында өз ісін бастаған азаматтың бұл күнде кәсібі дамыған. Аз ғана уақыттың ішінде халықтың тарапынан сұраныс артып, еңбегі еленген.
     – Бір күні жұмысыма белгілі себеппен бір сағат уақытқа кешігіп қалдым. Сол кезде біреу телефоныма қоңырау шалып: «Жұмыс уақытың бір сағат бұрын басталды. Қайда жүрсің? Тезірек жұмысқа кел, күтіп тұрмын» деді. Содан бері өзім би, өзім қожа болсам да халық игілігі үшін жұмыс істейтіндіктен темірдей тәртіпке үйрендім, – дейді жас кәсіпкер.
    Қолы ашық, пейілі кең Сабыржан Әбдірахмановтің жомарттығы бір төбе. Қолынан келсе көмек көрсетуге аянып қалмайтын ол қайырымдылықтан кенде емес. Алдына келген жанға түрлі жеңілдік жасап, кейде телефонды тегін жөндеп берген кездері аз болмаған. Қысқасы, өзінің тұрақты тұтынушысына тартынып қалмайды.
      Қазір әрбір адамның басында бір «қалтафон» бары рас. Ол кейде бұзылады, оны жөндетуге халық қалаға ағылады. Сол үшін кәсіпкер болашақта жаңа құрылғылар алып, күрделі жөндеу жұмыстарын біздің ауылда да істеуді көздеп отыр.

Аслан НҰРАЗҒАЛИЕВ
16 ақпан 2020 ж. 852 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031