» » «Әкеме айтпай, қақпан құрып үйрендім»

«Әкеме айтпай, қақпан құрып үйрендім»

ЖОСАЛЫ, 4 ақпан – qarmaqshy-tany.kz Соңғы бір апта көлемінде түз тағысы туралы әңгіме көбейіп кетті. «Ауылдарға қасқыр шауып малын қырып жатыр екен, пәленшенің сиырын жеп кетіпті» деген әңгімелерді құлағымыз жиі шалып жүр. Рас, өтірігін қайдам тіпті кент ішінде түн тыныштығын қорып жүрген тәртіп сақшылары қасқыр көріпті деген әңгімені де естідік. Ол қайдан жүр? Әдетте түз тағысының қыста ұйығатын кезі, аш болады деп жатады. Бәлкім қаңғалақтап азығын іздеп келген шығар. Өткенде Көмекбаев ауылына іс-сапармен барғанымызда қасқыр туралы сөз шығып біраз жәйтқа қаныққан едік. Осында қақпан құрып, кәсіп етіп жүрген екі-үш азамат бар екен. Соның бірі – Наурызбай Әділбеков.
  Жас жігіттің бұл кәсіппен айналысып жүргеніне 5-6 жыл болыпты. Бұл өнер қайдан келді деп сұрағанымызда, үлкен атасы – Әділбек Қайруллаев кезінде атақты қойшы болған, қасқыр аулаудан алдына жан салмаған деседі. Оған қоса «батыр» деген атағы тағы бар. Оны бүкіл ауыл жұрты біледі. Ұрпақтан-ұрпаққа жалғасқан қақпаншылық Әділбек көкемізден баласы Ақтай, одан кейін осы немересі Наурызбайға дарыпты.
  – Мектеп қабырғасында жоғары сыныпта жүргенімде әкеммен бірге мал бағуға жиі шығып жүрдім. Әкем арасында қақпанын алып түз тағысы жүреді-ау деген жерге құрып кететін. Содан көріп ойға түйіп жүрдім, – деді қақпаншы.
   Жасы келген сайын Ақтай ағамыз кәсібін тоқтатып, қасқыр аулауды қойыпты. Әкесіне айтпай қақпанды алып кеткен бала Наурыз осыдан кейін өз бетімен тұзақ құра бастаған. Алғашқы олжасын бір апта жүріп ұстапты. Әдетте түз тағысы өте сезімтал айлакер келеді. Ол жүрген ізіне бір ай жүріп оралады. Кейде өлексеге басқа жолмен де келеді. «Қасқырдың күшігін қырып тастауға да болмайды» дейді кәсіп еткендер. Ол өте кекшіл, бір түнде ауыл малын қырып кету – оған тән қасиет. Сондықтан ең әуелі арланын, сосын қаншығын қолға түсіру керек.
   Наурызбай осы уақытқа дейін олжасын қарусыз ұстаған. Көбіне қақпанға тірілей түсіріп ауылға талай әкеліпті.
   – Қақпанды жер жұмсақ кезде құрады. Яғни ор қазып оның бетін шөп немесе малдың қиымен жабады. Тұзақты қасқырдың жүріп өткен ізіне, тырнамасына, сарып еткен жеріне қарап орналастырамыз. Кейде апталап, бір айлап бос жатқан кездер болды, – дейді Наурызбай.
   Бір қызығы, оның қақпанына қасқырдың қаншығы көп түсіпті. Әдетте ұрғашысы өте айлакер, қолға түсе бермейді. Былтыр күзде бес, алтауын қанжығалапты. Әңгіме барысында ырымдап түз тағысының тісін сұрап көрген едік, ол; «қақпаныма қасқыр түсті дегенді ауыл естісе, сол кезден-ақ оның бас терісін, тісін, өтін талан-тараж етіп алып кетеді» деді күліп. Бүгінде Көмекбаев ауылының мал-жаны қасқырдан аман. Себебі түз тағысының әр басқан ізі – осындай қақпанды кәсіп еткен азаматтардың жіті бақылауында.

Ерсін СӘДУҰЛЫ
04 ақпан 2020 ж. 1 272 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№94 (10359)

26 қараша 2024 ж.

№93 (10358)

23 қараша 2024 ж.

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 304

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 401

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930