» » Сот төрелігінің жеті түйіні

Сот төрелігінің жеті түйіні

  «Тәуелсіздік – тәңірдің ұрпаққа берген бақыты, халқымыздың мәңгілік құндылығы» екенін айтқан Елбасы, ең алдымен сот жүйесінің тәуелсіз жұмыс істеп, әділетті сот төрелігін қамтамасыз ету қажеттігін алға қойған. Бүгінде мұны жүзеге асыру үшін соттарға толыққанды жағдай жасалып, өркениетті елдердің озық тәжірибесін игеруде құқықтық, заңнамалық қолдау көрсетілуде.

  Қармақшы аудандық сотында «Сот жүйесі мен заңнаманы реформалау негіздерін түсіндіру» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Жиынға сот төрағасы Д.Кентбаев, аудан прокурорының орынбасары Қ.Ашимов, ішкі істер бөлімінің өкілі Қ.Буранов, аудандық заң консультациясының адвокаты Г.Қадырбаева, нотариус А.Тойланов, медиатор Ө.Өміртаевтар қатысты.
   Бүгінде өзінің бағытын нақты ұстанған сот жүйесі жылдар керуенін артқа тастап, жүргізілген тегеурінді сот реформасының аясында биік асуларды бағындыруда. Отырыста сөз алған төраға «Сот төрелігінің жеті түйіні» жобасын атап өтті. Олар «Әділдік», «Жауаптылық пен Тәуелсіздік», «Сот төрелігінің тиімділігі», «Әкімшілік юстиция», «Тергеу судьялары», «Судьялардың құзыреттілігі» және «Цифрландыру». Аталған жобаның әрқайсысы үшін стратегиялық және тактикалық мақсаттар белгіленген.
    – Жобанын басты мақсаты – халықтың сот төрелігіне деген сенімін арттыру және заң үстемдігін қамтамасыз ету, – деді сот төрағасы Д.Кентбаев.
    Шара барысында «Сот жүйесі мен заңнаманы реформалау негіздерін түсіндіру» тақырыбында соттың жетекші маманы Телжан Әмірдің баяндамасы тыңдалды. Баяндамада сот жүйесіне енгізілген жаңа ақпараттық технологиялар жайында, сот отырысында аудио-бейнежазба құралдарының қолданылатынын, барлық сот отырысы залының аудио-бейнежазба құралдарымен қамтылғандығы хабарланды. Жаңа ақпараттық технологияларды қолдану сот ісін жеңілдетуге, уақыт пен қаржыны үнемдеуге мүмкіндік бергенін, азаматтар мен заңды тұлғалардың сот жүйесіне қол жетімділігінің артуына мүмкіндік беретінін атап өтті.
Жиын соңында қатысушылар өзара пікір алмасып, сот тарапынан жүргізіліп жатқан жаңашылдықтарға ризашылығын білдірді.

Ерсін СӘДУҰЛЫ
25 желтоқсан 2019 ж. 960 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№76 (10444)

07 қазан 2025 ж.

№75 (10443)

04 қазан 2025 ж.

№74 (10442)

30 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 596
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 376

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031