Конституция
» » Жемқорлыққа қарсы қарекет

Жемқорлыққа қарсы қарекет

ЖОСАЛЫ, 13 желтоқсан – qarmaqshy-tany.kz Аудан бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасында "Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының алдын алу" тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Аталған шараға "Нұр Отан" партиясының Қармақшы аудандық филиалының төраға орынбасары Д.Буханов, аудандық Ішкі Істер бөлімінің бастығы Д.Абдибеков, аудан прокуроры Е.Есетов, "Атамекен" ҰКП-ның аудандық филиалының өкілі М.Қанатов және БАҚ өкілдерімен басқарма қызметкерлері қатысты.


Алғашқы болып сөз алған аудандық мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы Д.Қосбергенов кез келген өркениетті қоғам үшін сыбайлас жемқорлықпен күрес ең өзекті сұрақтардың бірі болып табылатынын, ҚР-ның "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы" Заңының ең басты мақсаты - азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтың алдын алу, олардың жолын кесу болып табылатындығына тоқталып өтті. Онан кейін сөз алған партия өкілдерімен, құқық қорғау өкілдері өз ойларын бөлісіп, аталған іс-шараның дұрыстығын, сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға байланысты басым бағытта жұмыс жасау керектігін мәлімдеді. Дөңгелек үстелді қорытындылаған басқарма басшысы Д.Косбергенов іс-шараға қатысқан барлық орган өкілдеріне рахметін білдіріп, алдағы уақытта бірлесе жұмыс атқаратынын айтып өтті.
13 желтоқсан 2019 ж. 1 032 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№50 (10518)

04 шілде 2026 ж.

№49 (10517)

30 маусым 2026 ж.

№48 (10516)

27 маусым 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 421
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

ОРДАЛЫ ЖЫРДЫҢ ОРАҒЫ

ОРДАЛЫ ЖЫРДЫҢ ОРАҒЫ

21 маусым 2026 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 935

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031