» » Дөңгелек үстел өтті

Дөңгелек үстел өтті

ЖОСАЛЫ, 7 қараша - qarmaqshy-tany.kz «Отбасылық сот» пилоттық жобасын түсіндіру және құқықтық насихаттау жөнінде дөңгелек үстел өтті, деп хабарлайды аудандық соттың баспасөз қызметі.


Іс-шараға аудандық соттың төрағасы, судьялары мен қызметкерлері, сонымен қатар, аудандық білім бөлімінің бас маманы Ж.Тоғызбаев және әдіскері А.Тоқшылықова қатысты. Аудандық соттың төрағасы Д.Кентбаев дөңгелек столды алғы сөзімен ашып, күн тәртібі бойынша аудандық соттың жетекші маманы Т.Әмірге сөз кезегін берді.
Т.Әмір өз сөзінде қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының бастамасы бойынша «Отбасылық сот» пилоттық жобасы жұмыс істеп жатқанын, бұл жобаның негізгі мақсаты отбасын сақтап қалу екендігін, отбасын сақтап қалу арқылы біз сол отбасында туылған балалардың стреске түспеуіне, балалардың қылмыс жолына түспеуіне жағдай жасайтындығын айтып өтті.
Сонымен қатар, іс шараны қорытындылаған аудандық соттың төрағасы Д.Кентбаев отбасы құндылығын сақтауды мектеп қабырғасынан бастау қажеттігін, сондықтан аудан көлеміндегі мектептерде пилоттық жобаны насихаттау ісіне белсенді қатысуға шақырды.

07 қараша 2019 ж. 1 104 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№82 (10550)

29 қазан 2026 ж.

№81 (10549)

24 қазан 2026 ж.

№80 (10548)

20 қазан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 198
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 385

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30