» » «Тіліміздің көсегесін көгерту өз қолымызда»

«Тіліміздің көсегесін көгерту өз қолымызда»

«Тіліміздің көсегесін көгерту өз қолымызда» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Қармақшы аудандық сотында «Тіліміздің көсегесін көгерту өз қолымызда» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Аталған шараға аудандық соттың төрағасы Д.Кентбаев, судялары Л.Алибекова, Е.Кутыбаев, сот қызметкерлері және Қармақшы аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің жетекші маманы Наренов Ермек қатысты.
Дөңгелек стол барысында Е.Наренов латын әліпбиіне көшу сатылары, қазіргі кезде атқарылып жатқан жұмыстар бойынша түсіндірме беріп өтті.
Сондай-ақ, ол латын графикасына негізделген жаңа қазақ әліпбиіне шолу жасап, осы бағыттағы реформаның кейбір мәселелеріне тоқталды. Қазіргі кезде тіл білімі мамандары тарапынан латын әліпбиінің орфографиялық, орфоэпиялық заңдылықтарға байланысты емле ережелері дайындалғанын қатысушылар назарына ұсынылды.
Аудандық соттың ұжымы бірауыздан латын тілін жетік меңгеру үшін жұмыс уақытынан тыс оқып үйрену сабағына қатысу туралы шешімге келді.
Іс шара соңында қатысушылар өзара пікір алмасты.
Қайнар:
Қармақшы аудандық сотының баспасөз қызметі
27 қыркүйек 2019 ж. 1 123 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№75 (10543)

02 қазан 2026 ж.

№74 (10542)

29 қыркүйек 2026 ж.

№73 (10541)

26 қыркүйек 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 970
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 204

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031