» » Көшеде егесіз жүрген мал иесіне шара көріледі

Көшеде егесіз жүрген мал иесіне шара көріледі

ЖОСАЛЫ, 27 қараша - qarmaqshy-tany.kz Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 505-бабында «Қалалар мен елдi мекендердiң аумақтарын абаттандыру қағидаларын бұзу, сондай-ақ қалалар мен елді мекендер инфрақұрылымы объектілерін бұзу, жасыл екпелерін жою және бүлдіру-ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға – жиырма, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – отыз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – қырық, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. 


Егер әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасаған жеке тұлғаларға – отыз, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – қырық, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне үш жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Сол себепті меншіктеріңіздегі малдарыңызға егелік етіп, таңертеңгі мезгілде падаға қосып, кешке алдынан күтіп алуды күнделікті қадағалау, көше бойына бей берекет жібермеу қажеттігі сұралады. Себебі, егесіз көшеде жүрген мал біріншінден кент орталығының тазалығына, екіншіден автокөлік қозғалысына кері әсерін тигізуде. 
Жоғарыдағы заң талаптарын қаперлеріңізге сала отырып, алдағы уақытта көшеде егесіз жүрген малдардың сырғасы арқылы егелеріне заң аясында құзырлы органдар арқылы шара көрілетіні ескертіледі.
Жосалы кентінің әкімшілігі
27 қараша 2019 ж. 1 147 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№102 (10367)

28 желтоқсан 2024 ж.

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031