» » Бір дерт бар...

Бір дерт бар...

Бала күнімізде түрлі ойынға беріліп, алаңсыз қызыққа бататынбыз. Көрші үйлерді аралап, өзгеде жоқ көкжәшікке телміре қарап жататынбыз. «Бала қайда? Бала пәленшенің үйінде». Шаңға аунап, қуаласпақ ойнап әбден шаршаған соң түн ауа қайтатынбыз. Қазір ше? Қазір баланың бұлай емін-еркін жүргенін көрмейміз. Тіпті кей ата-ана баласын іргедегі дүкенге жұмсауға қорқады. Не үшін? Айтуға аузың, жазуға қолың бармайды...


Бірде Абылай хан түс көріпті. Түсінде ұрпағы бақа-шаянға айналыпты. Бұл жәндіктердің туысы да, “адамгершілігі” де жоқ. Тіптi баласын жеуден тайынбайды. Оның көрген түсі бүгінде шындыққа айналғандай. Бақа-шаянның кейпіне енбегенде енді неміз қалды? Одан қандай айырмашылығымыз бар? Тектілігін сақтаған, жеті атаны құрметтеген елдің ұрпағы өзгеден көргенін, ойына келгенін істеуде. «Мың дерт болса, соған мың бір дауа беремін» дейді. Ал біз әлі де Тәңір берген шипа мен дауаны таппай жүрміз. Қазақ бұрын «балам – болашағым» дейтін, қазір бала көрсе нәпсісін тимаған көп. Қариясы мен баласын жылатпаған ел едік қой. Енді педофилизм деген дерт жүр арамызда. Нәпсінің құлақ кесті құлына айналған, адамшылдық қасиеттен айрылып, хайуаннан да төмен деңгейге түскен «педофил» қайдан шығады?
Педофилия – ауру. Олар лайт және хард педофил болып екіге бөлінеді. Мамандар мұның біріншісінде қауіп жоқ екенін айтады. Десе де олардың басым бөлігін жүйкесі бұзылған, өмірде көп қорлық көрген адамдар құрайды. Олар санасындағы қиялын ешқашан жүзеге асырмайды. Ең қауіптісі – хард педофильдер. Олар өздерінің нені қалайтынын жақсы біледі, әрі бәрін алдын ала ойластырып, жоспарын жүзеге асырады. Қош. Алаш ұрпағының түсінігінде жоқ «педофил» деген дертке шалдыққан делқұлының кесірінен қанша баланың тағдыры тас-талқан болуда. Бәлкім ауру шығар. Бірақ оны дертінен айықтыра алмасақ, не тиісті қатаң жазасын бермесек нені көксеп әлекпіз? Бейкүнә сәбидің бүршік жармай солуы – ел үшін үлкен трагедия, ата-ана үшін ауыр қасірет емес пе?
Күнделікті ақпарат ағынын қарасаңыз мұндай қылмыстың талайын көресіз. Адам азды ма, қоғам тозды ма? Жаға ұстататын жайттардың жиілеп кеткеніне ата-аналар қатты алаңдаулы. Үрей құшағында өмір сүрген халықтың көңіліндегі күмәнді кім сейілтеді? Құқық қорғау саласы қызметкерлерінің дәрменсіздігі мен еліміздегі психолог мамандардың тапшылығы тығырыққа тірейтін секілді.
– Педофилия – психикалық ауытқушылық, психикалық ауру. Дегенмен әр аурудың емі бар. Ұлттық код – ең алдымен тілде, содан кейін дәстүріміз бен салтымызды, мінезімізді айқындайтын ұлт мәдениетінде, ата-бабамыздың ұрпақ¬тарына аманаттап кеткен тәрбиесінде. Өткен тарихымызда мін жоқ. Қазақ атам ұрпағының бойына ізгілік пен қарапайымдылықты сіңіре отырып, намыс пен рухани байлыққа тәрбиелеген. Алайда аузынан ана сүті кетпеген бүлдіршіндердің өміріне балта шауып жатқандардың ісін ешкім жоққа шығара алмайды. Мейлі, мұны ауру дейміз бе, әлде басқа дейміз бе. Мұнан құтқарар жол тек – ұлттық кодымызды сақтай отырып, ұлттық рухымызды көтеру, – дейді педагог-психолог А.Тұңғышбаева.
Бұл дерт басқа мемлекеттерде жиі тіркеледі. Мұндай қылмыскерді жазалаудың тиімді тәсілін іске асырып жатқан елдер бар. Химиялық жолмен жазалау әдісі АҚШ, Канада, Швеция, Польша сынды мемлекеттерде қолға алынған. Яғни «химиялық сүндеттеу» әдісі қолданылады. Бізде ше? Бүгінге дейін қоғамдық қатынастарды реттейтін заң нормалары осал болды. Не өзгерді? Жақында Президент Қ.Тоқаев халыққа Жолдауында есірткі бизнесі, педофилия, жыныстық зорлық-зомбылық және жеке тұлғаға қарсы жасалатын басқа да ауыр қылмыстарға қатысты жазалау шарасын қатаңдату жөнінде Парламентке және Үкіметке тапсырмалар жүктеді. Тіпті Парламент сенатының депутаты Мұрат Бақтиярұлы «Қазақстандағы әйелдер мен балаларға зорлық-зомбылық жасаған тұлғалар өлім жазасына кесілу керек» деп мәлімдеме жасады.
Түйін
Кешегі Қасым, Есім, Тәуке хандардың заманында болса мұндайлардың жазасын мықтап берер ме еді? Ел болып бетіне түкіріп, тоқсан ру тас атып халықтық жаза қолданар ма еді? Өзгеге сабақ болсын дейтін. Бірақ бәрібір. «Болашағымызды» қашанғы қорлатпақпыз? Өзгелерге қашан сабақ етеміз?

Айнұр ӘЛИ
23 қазан 2019 ж. 948 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№102 (10367)

28 желтоқсан 2024 ж.

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031