» » Жемқорлыққа қарсы күрес – ортақ іс

Жемқорлыққа қарсы күрес – ортақ іс

Біз сыбайлас жемқорлықтың не екенін білеміз. Бірақ оның түрлерінің ара-жігін ажырата алмаймыз. Жалпы бұл дерттің үш түрі бар. Корпоративті сыбайлас жемқорлық – капиталдың елден шығарылуы, салық төлеуден жалтару, кәсіпкерлігін жүргізу үшін шенеуніктерге пара беру, үстемақы алу үшін монополиялық жағдайды пайдалану, келісім, сараптама мен сертификат алу үшін пара беру. Саяси сыбайлас жемқорлық – ақша алып, мемлекеттік сатып алудың бюджеттік қаржысын заңсыз бөлу, түрлі мемлекеттік қызметтердің орындалуын тездету үшін пара алу, түрлі заңбұзушылықтарды жасыру үшін ақша бопсалау, қаржының депозит не облигация ретінде қаржы ұйымдарына жіберілуі, инвесторларға заңсыз түрде қолайлы жағдай жасау. Тұрмыстық сыбайлас жемқорлық – түрлі әлеуметтік жеңілдіктер мен қызмет үшін тұрғындардан пара алу, заңның бұзылуын жасыру, түрлі рұқсатнамалар алу.
Бүгінгі заң талабына сай пара алушылармен қатар пара берушiлер де жазаланады. Себебі пара беретiндердiң кетәрі емес әрекеттерi де көрiнбей қалмайды. Қандай жағдай болмасын ең алдымен әр адам өз құқығын қорғай бiлуi керек. Егер әркiм өзiнiң құқығын қорғап, заңға сай әрекет жасайтын болса, кейбiр дүниеқоңыз шенеунiктiң төрешiлдiгiне қарсы тұрар еді. Өкiнiштісі кейде жекелеген адамның өзi мұндай терiс iс-әрекеттiң орын алуына себепкер болады. Сол үшін құқықтық бiлiктiлiк пен мәдениет, заңды сыйлау – бiрiншi орында болуы тиіс. Сондай-ақ қоғамда көп айтылып жүрген сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес – баршаның ортақ iсi болуға керек.

Аудандық Қазынашылық басқармасының
бас маманы, бас қазынашысы Анар ТАНКЕЕВА.
17 қазан 2019 ж. 1 428 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№93 (10358)

23 қараша 2024 ж.

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

№91 (10356)

16 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 260

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 359

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930