Топ-баннер
» » Пара бермеймін дейтін қызылордалықтардың саны артты

Пара бермеймін дейтін қызылордалықтардың саны артты

Қызылорда облысында пара беруден бас тартатындардың саны артқан. «Сыр медиа» ЖШС-нің Ақпараттық талдау орталығы қызылордалық тұрғындардыңсыбайлас жемқорлық мәселесіне көзқарастарын анықтау мақсатында әлеуметтік зерттеу жүргізген.
Бұл туралы ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің БАҚ өкілдерімен өткізілген брифинг барысында белгілі болды.
«Әлеуметтік зерттеуге қатысқан облыс тұрғындарының 66 пайызы сыйақы немесе пара бермейтіндігін айтқан. Пара бермейміз деушілердің қатары өткен жылмен салыстырғанда 6,7 пайызға артып отыр», - деді баспасөз брифигінде Агенттіктің облыстық департаменті басшысының орынбасары Б.Байхожаев.
Дегенмен де тұрғындардың 19 пайызы қиналған сәтінде пара беретінін білдірген.
Ал, «You&Me» Қоғамдық пікірді зерттеу орталығының Қазақстан Республикасындағы сыбайлас жемқорлықты қабылдау деңгейін анықтау бойынша жүргізген социологиялық зерттеуіне қатысқан қызылордалықтардың94,5 пайызы сыбайлас жемқорлыққа қарсы екендерін білдірсе, респонденттердің 83,3 пайызы пара немесе сыйлық беру жағдайына кезікпегендігін айтқан.
syrboyi.kz





08 қаңтар 2019 ж. 996 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№14 (10481)

21 ақпан 2026 ж.

№13 (10480)

17 ақпан 2026 ж.

№12 (10479)

14 ақпан 2026 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 477
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 309

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
232425262728