» » Дерт қоғамды деміктірмесін

Дерт қоғамды деміктірмесін

Кез келген өркениетті қоғам үшін сыбайлас жемқорлықпен күрес ең өзекті мәселенің бірі. Сыбайлас жемқорлық – мол қаражат және қоғамдық бәсекелестік пайда болған жерге тамырын жайып, бүгінге дейін жойылмай отырған кесел. Бұл – дамушы елдердегідей біздің жас мемлекетімізге де орасан зор нұқсан келтіруде.
Қазақстан Республикасының заң­намаларына сәйкес, сыбайлас жемқорлық қылмысына негізінен лауазымды қылмыстар жатады. Өмір көрсеткендей, қызмет өкілеттігін теріс пайдалану, билікті не қызметтік өкілеттікті асыра пайдалану, пара алу, пара беру, парақорлыққа делдал болу, қызметтік жалғандық жасау, көрінеу жалған сөз жеткізу, сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иеленіп алу немесе ысырап ету, көрінеу жалған жауап беру, сарапшының жалған қорытындысы немесе қате аудару, жалған жауап беруге немесе жауап беруден жалтаруға, жалған қорытынды беруге, лауазымды адамдардың сот үкімін, сот шешімін немесе өзге де сот актісін орындамау секілді жемқорлық сыбайластық байланыстарды пайдалану арқылы жасалады.
Сыбайлас жемқорлықпен кү­ресу күрделі мәселе. Өйткені ұлты­мыздың қауіпсіздігіне, елі­міздің халықаралық беделіне, азаматтардың конституциялық құқығы мен бостандығына елеулі нұқсан келтіретін қауіпті құбылыс. Сондықтан онымен күресті тек заң қызметкері ғана жүзеге асырады деп ойламай, бірлесе күресу баршамыз үшін маңызды іс болмақ.
Десе де дамудың даңғыл жолына түсіп, әлеуметтік хал-ахуалы жақсарып келе жатқан тұста алға басқан қадамды кейін тартып, дамуымызға тежеу болатын сыбайлас жемқорлыққа тосқауылды – әрқасысымыздың аза­мат­тық борышымыз.

Олжас БЕГАЛИЕВ,
Қорқыт ата мемориалды музейінің ғылыми
Қызметкері
23 қыркүйек 2019 ж. 1 451 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№66 (10434)

03 қыркүйек 2025 ж.

№65 (10433)

30 тамыз 2025 ж.

№64 (10432)

26 тамыз 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.
Баршаның назарына!

Баршаның назарына!

21 шілде 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 306
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Жосалы жаңару жолында
26 тамыз 2025 ж. 1 768

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 83

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930