Құрылтай
» » Қолы алтын Қарлыға

Қолы алтын Қарлыға

qarmaqshy-tany.kz Қазақ қыз баланы кесте тоқу, тігін тігуге баулу арқылы сабырлы, төзімді болуға тәрбиелеген. №275 орта мектепте көркем еңбек пәнінен сабақ беретін Қарлыға Оспановаға әжесі кішкентайынан құрақ құратыпты. Он саусағы майысқан қыз баланың кешегі іске ебі мен қызығушылығы бүгін ешкімге тәуелді болмауға жеткізді. Ұзақ жылдан бері ұстаздық қызмет ететін ол тұрақты жұмысым бар деп қарап отырмайды. Әртүрлі үлгідегі киім тігуге құштар. Жеті рет өлшеп, бір рет пішетін іскер жанды байқоңырлықтар іздеп жүріп, керегіне тапсырыс береді. Жақында ғана қыз ұзатқан ана Арайлымының той көйлегі мен барлық жасауын өзі дайындапты.
– Қыз баланың пәнге қызғушылығы жоғары. Әдемі дүние жасау үшін құрал-сайманы мен қажетті заттары керек. Балаға керегін толық алып беруге ата-ананың жағдайы келе бермейді. Талабы бар шәкіртті өзіміз демеп, қолдап отырамыз, – дейді шебер ұстаз. Өз туындыларынан бірнеше мәрте көрме ұйымдастырып, еңбегіне сай марапат алған мақтаулы маман мерекені табысты қарсы алып отыр.
07 қазан 2019 ж. 2 081 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№59 (10527)

08 тамыз 2026 ж.

№58 (10526)

04 тамыз 2026 ж.

№57 (10525)

01 тамыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 627
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 1 090

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31