» » Ел бірлігі бәрінен қымбат

Ел бірлігі бәрінен қымбат

Бұл күндері дәстүрлі дінді ұстанушылар қатары көп болмаса да саусақпен санарлықтай емес. Еліміз зайырлы мемлекет болғандықтан әр адам өзі қалаған дінді ұстана алатыны белгілі. Бұл − әр адамға берілген бас еркіндігі. Алайда, қазіргі таңда діни сауатсыздықтың кесірінен жат дін ағымдарының арбауына түсіп жатқан жандар аз емес. Міне, осы арам пиғылды адамдардың қақпанына түсіп қалудың алдын алу мақсатында ауданымызда конференция өтті.
Аудандық мәдениет үйінде өткен жиынға жасөспірімдер, ұстаздар және ақсақалдар алқасымен қатар, облыс пен Нұр-Сұлтан қаласынан қонақтар келіп, діни сауаттылық төңірегінде әңгіме өрбітті. Шара барысында Қазақстан Республикасының дін мәселелері жөніндегі республикалық ақпараттық түсіндіру тобының мүшесі Тұрар Түгелұлы сөз сөйледі. Сондай-ақ шараға облыстық дін мәселелерін зерттеу орталығының директоры Бақытжан Жарылқасынұлы мен аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Қаршыға Есдәулетов қатысып, өз баяндамаларын оқыды.
Коференцияда жиналған жұртшылыққа зайырлылық ұғымы түсіндіріліп, қазіргі таңдағы еліміздің дін ахуалы жайлы ақпарат берілді. Статистикалық мәлімет бойынша елімізде 87 процент халық құдайға сенгенімен, 16 проценті діни ритуалды ұстанады. Оның 3 проценті ғана тұрақты дін өкілдері. Бұл күндері жат діни ағымның өкілдері қоғамды түзу жолдан адастыруды көздеуде. Кейбірі тіпті ата-ана, ағайын-туыс, бауырынан бас тартып, адам айтса нанғысыз іс-әрекетке бой алдыруда. Әрине, мұның бәрі діни сауатсыздықтың кесірі. Заман алға жылжыған сайын адамдар да ілгері қадам басады. Смартфон, интернет бүгінде қолжетімді, әр адамның қолданысында жүрген дүниелер. Бірақ, сол заман жаңалығы да адамды адастыруға үлесін қосуда. Қолжетімді интернеттің көмегімен дін жолына қызығып, әлеуметтік желілер мен түрлі сайт деректерінен діни сауатын ашуды меңзеп жүрген жандар жетерлік. Дегенмен бұл жазбалардың бәрі бірдей дұрыс деп айта алмаймыз. Сол себептен әр жазбаның оң екеніне көз жеткізіп қана іске кірісуді бастау қажет. Осы кезге дейін облыста жат діни ағымдық ақпарат таратқаны үшін 20 азамат жауапқа тартылған. Елдің тыныштығы мен бірлігін құртуды көздеген жат ағымдардың мүшелері қоғамды барынша алдауға тырысып, желі арқылы да өз қатарын көбейтіп жүр. Мұндайларға мемлекет барынша тосқауыл қойғанымен, құмырсқадай қаптаған экстремистердің барлығын түгелдей ауыздықтау оңай шаруа емес.
Келешек ұрпақ пен бүгінгі қоғамның рухани және құқықтық дамуы − қазіргі қоғамдағы ең өзекті мәселе. Осы орайда мемлекет тарапынан діни сауаттылықты арттыру мақсатында түрлі бағдарламалар мен іс-шаралар жүйелі жүргізіле бермек.
Аслан Нұразғали
30 қыркүйек 2019 ж. 1 309 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№102 (10367)

28 желтоқсан 2024 ж.

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031