АДАСУШЫЛЫҚҚА ТОСҚАУЫЛ

Осы тақырып аясында аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Қаршыға Есдәулетов пен облыстық дін істерін зерттеу орталығы аудандық бөлімшесінің меңгерушісі, теолог Жалғасбек Ысқақов аудан тұрғындарына жат ағымның жетегіне кетпеу мақсатында ауданның барлық өңірінде болып, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді. Кезекті жиын Жосалы кентінде жалғасты. Шараға ауданның бас имамы Асхат Жарқынбеков пен басқа да дін өкілдері, сонымен қатар аудандық ата-аналар кеңесінің төрағасы Сұлтанбек Мырзабаевтар да қатысты. Жиынға қатысушылар өз ойын ортаға салып, қоғамның дерті туралы толығырақ айтты.
- Елдегі бүгінгі діни ахуал қоғамымыздың ең өзекті мәселесі. Жат ағым өкілдері ауданымызда да кездесуде. Ең әуелі сақтықты баладан бастауымыз қажет. Телофонға телміртіп отырғызып қоямыз, не көріп, біліп жатқанында шаруамыз жоқ. Баланың санасы таза, сөзге ергіш, сондықтан абай болуымыз қажет,- деді Ж.Ысқақов. Сонымен бірге, жиында көптеген уағыз, әсерлі әңгімелер мен пікірлер айтылды.
Арайлым АБАЙҚЫЗЫ,
«Қармақшы ауданы».