» » ДІН АЛАЛЫҒЫН ТҰЗАҚТАУ СӨЗ БОЛДЫ

ДІН АЛАЛЫҒЫН ТҰЗАҚТАУ СӨЗ БОЛДЫ

Дүниежүзілік сaяси, әлеуметтік, экономикaлық, мәдени және рухaни ахуалына кері ықпaлынтигізіп отырғaн діни экстремизм мен терроризм ХХІ ғaсырдың ең өзекті мәселелерінің біріне aйнaлып отыр. Соңғы жылдaры экстремистер өз мaқсaтынa жету үшін істеген іс-әрекеттерімен ешнәрседен тайынбайтынын әлем жұртшылығын aлaңдaтуда.
Жастар жат ағымның жетегінде кетпес үшін ауданымызда да түрлі шаралар ұйымдастырылып келеді. Соның бірі- аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Қаршыға Есдәулет пен дінтанушы Жалғасбек Ысқақов ауыл-аймақты аралап, ауыл арасында насихат жұмыстарын жүргізуде. Игілікті бастама өткен аптада Төребай би ауылында жалғасын тапты. Жиынға ауыл тұрғындары қатысты. Шара барысында теолог маман Ж.Ысқақов қоғамда орын алып жатқан жат ағымдардың іс-әрекетімен экстремистік топтар жайында мағлұмат берді. Ел ішіндегі дәстүрлі емес діни ағымдардың елімізге келуі және олардың іс-әрекеттеріне тоқталды. Сонымен бірге олардың ықпалына ерген жастардың діни сауатсыздығы салдарынан қателікке бой алдыруы, «ғаламтор» арқылы діни әр түрлі ұйымның теріс уағыздарды тарататыны туралы айтып өтті.
Қатысушылар тақырып аясында пікір алмасып, өз ойын ортаға салды.
Арайлым АБАЙҚЫЗЫ,
«Қармақшы таңы».
14 шілде 2018 ж. 3 890 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№2 (10470)

10 қаңтар 2026 ж.

№1 (10469)

06 қаңтар 2026 ж.

№100 (10468)

31 желтоқсан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 203
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 75

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031