» » Желідегі жарнама немесе арықтау марафоны

Желідегі жарнама немесе арықтау марафоны

Бір күн әлеуметтік желіге кірмесек жаңалықтан құр қалатындай көрінеді. Қазір жұрт жаңалықты арнайы ақпараттық порталдарға кірмей-ақ әлеуметтік желі арқылы танысуды әдетке айналдырған. Уақыт өткен сайын әлеуметтік желілердің қолданылу аясы кеңейіп, қоғамдағы маңызы артып келеді.
Ғаламтордағы әлеуметтік желінің ең алғашқы баламасын Рэнди Конрадс 1995 жылы іске қосқан. Оның желісі – «Classmates». Бұл әлеуметтік желі бір мектепте немесе бір сыныпта оқыған достарды табуға мүмкіндік береді. Әлемде «Classmates» желісін қолданушылардың саны 50 миллионға жеткен. Арада екі жылдай уақыт өткенде «AsianAvenue», «MiGente», «BlackPlanet», «Livejournal» сынды желілер пайда бола бастады. Бұл әлеуметтік желілер бізге онша таныс емес. Өйткені ол қазақстандықтар арасында қолданылмады.
Қазір кез келген смартфонда әлеуметтік желіге қосылуға мүмкіндік бар. Әрбір секунд сайын 8 адам қандай да бір әлеуметтік желіге тіркеледі екен. Барлық қолданушылардың 50 проценті аптасына 1-5 сағатын әлеуметтік желіге арнайды. Мұндай желілерден балалар да тыс қалып жатқан жоқ. Әлем бойынша олардың 80 проценті әлеуметтік желіге өзінің жеке парақшасын ашқан. Ал әлеуметтік желіні қолданушылардың жасы 7-ден бастап 48-ге дейін екенін көрсетіп отыр.
Соңғы уақытта әлеуметтік желілер жай ғана сөйлесу алаңы емес, кәсіптің түріне айналды. Кез келген компания өз өнімін жарнамалау үшін әлеуметтік желіден парақша ашады. Рас, бүгінде әлеуметтік желілер «жарнаманың отанына» айналды. Себебі желідегі жарнама – табысты тиімді көзі. Жоғарыда айтқандай, қазірде көпшілігі әлеуметтік желіні пайдаланады. Сондықтан бұрынғыдай көшеде жарнама парақшаларын ілгеннен гөрі осында жарнама берген тиімдірек. Мәселен Инстаграм желісінде кімнің оқырманы көп, соған жарнама берушілер артады. Ал жарнама беру бағасы осыған сәйкес қымбаттай береді.
Иә, Инстаграм желісінде жарнамадан көз сүрінеді. Дегенмен жарнаманың барлығы бірдей сапалы деп айтуға келмейді. Сын көтермейтін жарнама да жетіп жығылады.
Желідегі жарнамалардың ішіндегі ең көп тарағаны – артық салмақтан арылтуға арналған өнімдер, дәрілік препараттар. Бұның барлығы дерлік пайдалы емес. Дәрілік препараттан гөрі дұрыс тамақтану тиімдірек. Осы орайда желіде түрлі «арықтау марафондары» ұйымдастырылады. Артық салмақтан арыламын деген кез келген жан еліміздің қай өңірінен болса да қатыса алады. Оларға арнайы уақыт беріліп, сол уақыт аралығында салмақ тастауға талпынады. Бұл марафонға белгілі бір көлемде ақша төлеп, дұрыс тамақтану ережесімен танысады. Сонымен қатар мотивациялық тұрғыда жеңімпаздарға ақшалай сыйлық ұйымдастырылады. Бұл бір жағынан денсаулыққа пайдалы, ал екінші қырынан мотивациялық кеңестер мен дұрыс тамақтануды әдетке айналдыруға мүмкіндік алады. Қатысушыларға күнделікті тамақтану мәзірі ұсынылады.
Ауру – астан деп жатамыз. Біз тамақтанғанда оны тек жеуді ойлаймыз. Ал ол асқазанға түскеннен кейін не болатынын ойлай бермейміз. Асқазанға ауыр болатын тамақтар бар. Сосын тоя жеуді әдетке айналдырып алғанбыз. Негізі бұл дұрыс емес. Тамақты әлсін-әлсін 2-3 сағат сайын жеу керек. Артық салмақтан арылғысы келетін жандарға тек дұрыс тамақтану жеткіліксіз. Сонымен бірге дене жаттығуын жасауға кеңес береміз, – дейді диетолог мамандар.

Ақнұр САҒЫНТАЙ


30 қыркүйек 2019 ж. 1 854 1

Алексей от 1 қазан 2019 20:51
ХОЛОДНО В КВАРТИРЕ В МЕЖСЕЗОНЬЕ? Керамические обогреватели ТМ Luxor - это инновационная энергосберегающая система отопления. Обогреватели ТМ Luxor вырабатывают тепло двух типов: инфракрасное и конвекционное, благодаря чему, достигается максимально комфортный микроклимат и быстрый прогрев помещения. НЕ СЖИГАЮТ КИСЛОРОД Нагревательный элемент не имеет контакта с окружающим воздухом ПОЖАРОБЕЗОПАСНЫ Запатентованная конструкция обогревателей исключает любые возможности возгорания ВОДОНЕПРОНИЦАЕМЫ Проходят проверку полным погружением в воду во включенном состоянии 5 ЛЕТ ГАРАНТИИ Уникальный гарантийный срок для электрических приборов Идеальны для использования в детской комнате (имеются сертификаты), ванной (не боятся влажности), на балконе или в спальне. Luxor - первый после солнца! www.shop.myluxor.ru ПРИГЛАШАЕМ К СОТРУДНИЧЕСТВУ ПАРТНЕРОВ Мы являемся производителями обогревателей ТМ Luxor и предлагаем вам лучшие цены и условия сотрудничества! Более подробно ознакомьтесь здесь: https://myluxor.ru/partneram/ Напишите на нашу почту, ответим на все Ваши вопросы: client@myluxor.ru Или позвоните нам по телефону: 8-800-551-65-34

PDF нұсқалар мұрағаты

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031