» » ҚАРМАҚШЫДА ЖАСАЛҒАН

ҚАРМАҚШЫДА ЖАСАЛҒАН

Ауданда кәсіпкерлер палатасы филиалы ашылғалы тілшілер қауымы сондағы мамандармен тығыз қарым-қатынаста жұмыс істейміз. Кәсібінен нәсібін тапқанды үлгі ету арқылы жұмыссыз жастарға жол көрсетсек деген ниет біздікі. Жарқын да жаңа жобалармен жиі қуантып, кәсіпке баулуға бағыттайтын палатаға белгілі бір мақсатпен барғанның құр алақан қайтқанын көргеніміз сирек.
Өткен аптада менеджер Қуаныш Аяповпен жақын арада мемлекеттік бағдарламамен несие алып, кәсіп бастағандардың жұмысымен таныспаққа бағыт алдық.
Аудандағы Ләззат Балтоқаеваның үйіне бардық. Ол «Руслан» жеке кәсіпкерлігін ашып, тұшпара шығарумен айналысатын бесаспап келіншек. «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасымен 2 000 000 теңге несиеге қол жеткізіпті. Оған ет тартатын, қамыр илейтін құрылғы мен дайын өнімді сақтайтын мұздатқыш т.б қажетті заттар алған. Жұбайы Жаңабек Бармақов ірі қара алып, етпен қамтамасыз етеді. Ләззат Жайлаубайқызы күніне 20 келідей ет тартып, одан 120 қалта тұшпара дайындайды. Сонымен қоса тефтел, котлет, ұсақ сүйектерді шауып, сорпа етін сатады. Арнайы тапсырыс беретін, күнделікті өткізетін дүкендері бар. Таза сиыр етінен жасалатындықтан тұшпараның дәміне әзірге шағым айтқан жоқ. Қанша қалта өнімді бір өзіне дайындау қиынға соғып жүр соңғы кезде.
– Тұшпараның дәмді шығуы тек етіне емес қамырына да байланысты. Ол қалың да, жұқа да болмай біркелкі жайылуы керек. Еңбегіне қарай нәпақасын беремін деп қамыр жаюға қыз-келіншек іздесем таппаймын. Қайтарымсыз несие алсақ цехты талапқа сай жөндеуден өткізер едік. Қамыр жаятын құрылғы сатып алсам жұмысым жеңілдей түсер еді, – дейді кәсіпкер.
ТҮЙІН
Сұранысқа сай қызмет көрсету – қазіргі күннің талабы. Талап үдесінен шығу үшін алдымен ауданға қандай кәсіп аса қажетін анықтап алғанымыз абзал-ау. Керек кәсіпті қолға алсақ, істің оңға басатыны айдан анық.
Гүлжанат ДҮЗЕНОВА
27 қыркүйек 2019 ж. 1 254 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 050

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031