» » Достықты дәріптеу әдебіміз

Достықты дәріптеу әдебіміз

Бүгінде қазақ жерінде 140 этнос және 17 конфессия өкілі татулық пен келісімде өмір сүруде. Қоғамдық келісім арқылы ел алдында тұрған көптеген тірлік өз деңгейінде атқарылды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа арнаған алғашқы Жолдауының төртінші тарауында Қоғамдық келісімді нығайту жайында айтылды.
Әлеуметтік және этника­лық топтар арасындағы ке­лісім – бүкіл қоғамның бір­лескен еңбегінің нәтижесі еке­нін айтқан Мемлекет басшысы саяси үрдістерді саралап, бірлігімізді одан әрі нығайта түсу үшін нақты шаралар қабылдау керегін жеткізді.
Қоғамдық келісімнің қо­ғамда атқарған жұмысын саралай келсек, бұған дейін аудан көлемінде бірқатар шара ұйымдастырылып, қоғамдық келісім кеңесінің отырыстары өткізілді. Халық бірлігін нығайту, қоғамдағы экстремизм мен радикализмнің кө­ріністеріне тойтарыс бере отырып, азаматтардың құ­қықтық бостандығына қысым жасауға жол бермеу, елде демократиялық нормаға сүйе­нетін саяси-құқықтық мә­дениет қалып­тастыруда айтулы кеңестің орны ерекше.
Қоғамдық келісім Кеңесінің мақсаты – Қазақстанды да­мытудың стратегиялық мақ­сатына жету бойынша мемлекет пен қоғамдық күштердің бірігуін қамтамасыз ету. Тұрақтылық пен бейбітшілікті, ұлттық бірлік пен ымыраны қалыптастыруды өңір сәтті іске асырып отыр. Аталған кеңестің төрағасы Әбдірахман Құлдүйсенов және кеңес мү­шелері азаматтық қоғам мен қоғамдық кеңестің барлық құрылымын біріктіруде аянбай еңбек етуде. Сон­дай-ақ келісім мен бірлік мә­селесінде түрлі бағыттағы ау­қымды шараны қолға ал­ып, әмбебап диалог алаңын ұйым­дастырып келеді.
Ақтолқын НҰРМАҒАМБЕТОВА
20 қыркүйек 2019 ж. 2 090 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№28 (10396)

19 сәуір 2025 ж.

№27 (10395)

15 сәуір 2025 ж.

№26 (10394)

12 сәуір 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 619
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930