» » Игі қадам, тарихи таңдау

Игі қадам, тарихи таңдау

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты халыққа Жолдауында қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретіндегі рөліне ерекше мән бере келе келешекте ұлтаралық қатынас тіліне айналатынын, сол сияқты тіл үлкен саясаттың құралы болу үшін жұмыла жұмыс істеу керегін атап көрсетті.
Қазақ тілін біртіндеп латын әлі­пбиіне көшіру жұмысының басталғанына біршама уақыт болды. Осы аралықта қандай жетістікке қол жеткіздік? Нендей кемшілік назардан тыс қалды? Жалпы бағдарлама қалай жүзеге асуда? "Рухани жаңғырудың" басты бағдары болған мемлекеттік тілді дамытуға қандай жұмыс жүргізілуде?
Қазір балабақшадан бастап мем­лекеттік қызметкерге дейін ынтасы бар барша азаматқа латын қарпінде жа­зып үйренуге толық мүмкіндік бекітілген. Соған сәйкес өңірде ке­шенді іс-шара жоспары жасалған. Бұл бағытта халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының аудандық филиалы тиісті жұмыс атқаруда. Аталған ұйым­ның ұйымдастыруымен орталық кітапхананың «Coworking» орталығында «Латын әліпбиі һәм ұлттық код» тақырыбында дөңгелек үстел отырысы өтті. Онда латын қарпіне көшудің логикасы, сондай-ақ ұлттық кодтың түпкілікті мақсаты кеңінен талқыланып, түрлі пікір айтылды.
Мұнан бөлек, «Рухани жаңғыру» мен «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы аясында «Қазақ тілі – рухани жаңғырудың негізі» тақырыбында аға буын өкілімен сыр-сұқбат алаңы жүргізілді. Кездесуде мемлекеттік тілдің мерейін көтеріп, беделін арттыруда жастардың да ұсыныс-ойы тыңдалды. Латын графикасына көшу – бұл тарихи таңдау. Айтулы әліпби тек қана түркі дүниесінің басын қосатын дүние емес, өзге де көптеген елді жақындастыруға үлес қосатын құндылық. Әсіресе, жер шарында тарыдай шашылған қандастардың ортақ жазу жүйесі қалыптасып, ұлттық кодымыздың нығаюына септігі мол. Реформаны жүзеге асыруда біз қазақ тілінің табиғатын сақтаймыз әрі даму заңдылығының бұрмалануына жол бермейміз. Фонетика мен орфография түзеліп, тілдік қолданыс кеңейе түспек. Бұған қоса, ортақ Отанымыз Қазақстан болған соң мемлекеттік тілді елімізді мекендеген өзге ұлт өкілдерінің де білгені абзал. Латын әліпбиі қазақстандықтарға ортақ әліпби болғаны жөн. Мұндай маңызды мәселеде саналы түрде жүйелі жұмыс жүргізуіміз керек. Өйткені байтақ елді құтты мекен еткен жүздеген ұлт өкілінің санасына келешекте латын әліпбиімен жұмыс істейтін тіл – мемлекеттік тіл болатынын, оның бәрімізге ортақ екенін сіңіруіміз керек.
Қоғамдық ұйымның өміршеңдігі оның көпшілікпен тығыз байланысында. Тілдің табиғаты мен тазалығы үшін аудандық ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі, «Nur Otan» партиясы аудандық филиалы, сондай-ақ тіл жанашырларымен бірлескен рейд жүргізілді. Онда маңдайша тақ­таның түскен әріптері, жарнамадағы қате жазулар ескертіліп, кент келбетіне сай емес бірқатар кемшіліктер нысанаға алынды. Кәсіп иелеріне «Қазақстан Республикасының Тіл туралы» Заңының 21-бабы бойынша маңдайша, жарнама, т.б. көрнекі ақпараттың мемлекеттік тілде және орыс тілінде, ал қажет болған жағдайда өзге тілде жазуға болатыны түсіндірілді.
Мемлекеттік тілдің мәртебесін өсі­ру­де «Қазақ тілі» қоғамы белсенді ат­салысқан бастауыш ұйым мүшелері мен жас бүлдіршіндерді тәрбиелеп, бі­лім беріп жүрген тіл жанашырларын дәріптеп отырады.
Мемлекеттік тіл – мемлекеттің бар­лық аумағында, қоғамдық қаты­настың бүкіл саласында қолданылатындықтан жүргізілетін іс-қағаз бен құжаттама мемлекеттік тілде болуы тиіс. Осы бағытта тіл орталығы мамандарының жұмысын тиек етуге болады. Латын қар­пінде жазба диктант жазу, іс-шараға шақыру қағазы мен өткізілетін шара атауын латын қарпінде жазу секілді істер атқарылуда. Әсіресе мұндай шаруаға мәдениет және тілдерді дамыту, білім бөлімі, орта мектеп пен бөбекжайлар мұрындық болуда.
Өркениетке бет алған елдің өрісі қашан да білікті де саналы ұрпақпен же­тілмек. Сауатты ұрпақ – өз ана ті­лінде еркін сөйлей алатын, терең мең­герген ұрпақ. Ал ана тілін жақсы біл­мейінше са­уатты сөйлеп, жазбайынша шын мәніндегі мәдениетті адам бола алмайсың.
Тіл – халқымыздың негізгі ұлттық коды. Олай болса, латын әліпбиіне көшу – рухани жаңғырудың бір тармағы. Латын әліпбиіне көшу – тіліміз үшін жасалған игі қадам. Экономикасы мен сындарлы саясаты дамып келе жатқан тәуелсіз ел үшін енді рухани түлеу кезеңінің айы оңынан туып тұр. Осы сәтте латын әліпбиіне көшу болашағымыз үшін маңызды. Қазір әлемнің бірқатар елі латын әліпбиін қолданады. Ертеде қолданған әліпбиге қайтадан оралу ұлттық санамызды қайта жаңғыруға әкелмек.
Күлжауһар Төлегенқызы,
халықаралық «Қазақ тілі»
қоғамы аудандық филиалының төрайымы
20 қыркүйек 2019 ж. 975 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

18 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 081

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031