» » «ЖАҢАТҰРМЫСТАҒЫ» соны серпін

«ЖАҢАТҰРМЫСТАҒЫ» соны серпін

«Ел құлағы – елу» деген. Иіркөл ауылында  «Жаңатұрмыс» шаруа қожалығы  құрылып, ол ауыл тұрғындарының тыныс-тіршілігіне  жаңаша серпін беруде деген жаңалықты ести сала аталған ауылға жол бастадық.

Аудандық ауылшаруашылығы бөлі­мінің бас маманы Сабырхан Зайыровпен  ауыл орталығына ат басын тіреп, шаруашылық төрағасы Ардақ  Мырзахметовпен хабарластық. Ол ауылдан 5-6 шақырым жердегі ша­бындықта шөп­шілермен бірге жұмыс істеп жүргенін айтты. Сәлден соң біз де төраға сілтеген жерге жеттік. Сырдария өзенімен шектес­кен, шөбі шүйгін аймақта шағын трактор шөп тайлап жүр. Оның арғы шетінде жастардан құралған шөпшілер трактор тіркемесіне көкпеңбек тайларды тиеуде.
Көліктен түскеннен кейін амандасып болған соң біздерді шаруашылық төр­ағасы А.Мырзахметов жайқала өскен Сыр та­лының саясына шақырды.
– Биыл ауылдағы 50 отбасының ортақ шешімімен, көршілес «Жаңажол» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Орынбасар Төлеповке  арнайы барып, ауылдағы үлесі бар 114 адамды жұмысқа қабылдау туралы өтінішін жеткіздік. Шаруашылық басшысы ауыл тұрғындарының өтінішіне бей-жай қарамай, 350 гектар егістік алқапқа Сыр салысын егуге көмектесті. Бүгінде «Жаңатұрмыс» шаруа қожалығының егіс бригадирі Аман Қуаңбаев бастаған Сайлаубек Жаңабергенов сынды тә­жірибелі күрішшімен бірге Бекмұрат Бай­маханов, Темірлан Серпінов, Азамат Шүкіровтер өздеріне бекітілген егістік алқапта күріш дақылын өсіріп-баптауда. Ал Азамат Ахметбеков, Асылбек Шегебаев және Қалдан Қарақұловтар ауыл тұрғындарын жоңышқамен қам­тамасыз етуде. Сонымен бірге, ағымдағы жылдан бастап «Жаңажол» серіктестігі ұй­ғарымымен«Жаңатұрмыс» шаруаларына  табиғи шөптің бір тайы – 100 теңгеден, ал жоңышқа – 150 теңгеден берілуде. Сол секілді  шаруашылықта жер үлесі бар 50 отбасы  жылына 300 келіден күріш қалдығын, сондай-ақ келісі 150 теңгеден ақ күріш алады. Тіпті, мерекелерде де осындай көмек көрсетіледі. Ауыл ахуалын жақсартуға арналған шара ол өзінше бір әңгіме. Сонымен бірге, биыл шаруашылық есебінен ауыл тұрғындарына 10 гектар жерге картоп, бақша және көкөніс егуге жер дайындалып берілді. Сонымен қоса аяқ су мәселесі де шешілді, – дейді Ардақ Мырзахметов. Иә, үстіміздегі жыл иіркөлдіктер үшін табысты болмақ. Жаңа қожалықтың жаңалығына ауыл тұрғындарының барлығы дән риза.
Нұрбай ЖАНӘДІЛОВ
16 шілде 2019 ж. 1 504 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 031

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031