» » Экономикалық қатынастар тереңдей түседі

Экономикалық қатынастар тереңдей түседі

Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың сонау мұхиттың арғы жағындағы алпауыт атанған АҚШ-та БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне төрағалық етіп, жаһандық мінберден төрелік айтқаны әлем жұртшылығын тағы да Елбасымыздың әрбір ұтымды ойы арқылы еліміздің деңгейін, саяси аренадағы орнының жоғарылығын танытып, Қазақстанның беделін арттырды.
Ата-бабамыздан мұра болып жеткен «Елдестірмек елшіден, жауластырмақ жаушыдан» деген нақылы өшпес өсиет екенін дәлелдеді. Елбасымыз қан тазалығын, тіл даналығын, ой жүйріктігін, сезімталдығын алға тартты. Төле биден, Қазыбек биден, Әйтеке биден бойына дарыған әділ бітімгер қасиетін көрсетті. Ірі державаларды екіжақты араздықты доғаруға шақыруы, ядролық қарудан азат аймақ құруға, қару- жарақ таратпау бойынша елдерге кепілдік беруге сенім мәселесін көтеруі бүкіл әлем жұртшылығы алдында әр елдің жауапкершілігін нығайтуға алып келіп отыр. Сайып келгенде, Елбасы тепе-теңдіік сақтай отырып, ядролық қарусыз әлем жолындағы саяси көзқарасын мәлімдеді.
Дональд Трамптың Н.Назарбаевты Ақ Үйдің алдында күтіп алып, сәлемдесуі Елбасымыздың үлкен құрметтің иесі екенін, Н.Назарбаевты мойындайтындығын байқатты. Елбасының АҚШ-тың іскер, бизнес алыптармен кездесуі іс-сапардың екінші бір ұтымды тұсы болды. Елімізге инвесторлардың келуін көбейту, оның ішінде жаңа технологиялар алып келу, экономикамыздың қарқынды дамуына жағымды әсер етіп, екі ел арасындағы экономикалық қатынастардың тереңдей түсуіне қол жеткізеді. АҚШ бизнес өкілдерімен 7 миллиард доллар көлеміндегі 20 шақты келісімшартқа қол жеткізу – Елбасы жүргізіп отырған саясатының тұрақтылығының, тікелей абырой-беделінің арқасы.

31 қаңтар 2018 ж. 1 230 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 037

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031