Мәслихаттар сайлауы
» » ОТАНДЫҚ ӨНДІРІС – ЭКОНОМИКА ТІРЕГІ

ОТАНДЫҚ ӨНДІРІС – ЭКОНОМИКА ТІРЕГІ

Отандық өндірісті өркендету, кәсіпкерлікті қолдау және ішкі нарықтағы тұрақтылықты сақтау – аудан экономикасын дамытудың маңызды бағыттары. Бұл мәселелер аудан әкімдігінде өткен кезекті мәжілісте кеңінен қаралды.
Аудан әкімі Жандос Еркінбектің төрағалығымен өткен жиында облыс әкімінің қатысуымен өткізілген мәжілісте көтерілген міндеттер негізге алынып, жергілікті деңгейде атқарылуға тиісті бірқатар жұмыстар талқыланды.
Жиында отандық тауар өндірушілерге қолдау көрсетудің маңызына ерекше назар аударылды. Өйткені өндіріс орындарының көбеюі жаңа жұмыс орындарының ашылуына, бюджет кірісінің артуына және импортқа тәуелділіктің төмендеуіне ықпал етеді. Қазіргі таңда кәсіпкерлерге жеңілдетілген несие беру, субсидиялау, қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз ету, жер телімдерін ұсыну және мемлекеттік сатып алу қызметтерінде басымдық беру тетіктері қарастырылған.
Осы мүмкіндіктерді тиімді пайдалану үшін қаржыландыруға ұсынылған жобалардың экономикалық негізділігі мен кәсіпкерлердің қаржылық әлеуетін мұқият зерделеу қажеттігі айтылды. Аудан басшысы жауапты сала жетекшілеріне жобаларды бағалау кезінде олардың тиімділігіне басымдық беруді тапсырды. Кәсіпкерлерге несие алу мүмкіндіктерімен бірге, алынған қаражатты белгіленген мерзімде қайтару жауапкершілігін де түсіндіру керектігін ескертті.
Мәжілісте әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру да назардан тыс қалмады. Тұтыну нарығындағы бағаның негізсіз өсуіне жол бермеу мақсатында аудан аумағындағы азық-түлік бағаларына жүргізілетін мониторингті күшейту міндеті қойылды. Бұл бағыттағы жұмыстарды жүйелі ұйымдастырып, баға тұрақтылығын сақтауға қажетті шараларды қабылдау тиісті бөлімге жүктелді.
Жиын соңында көтерілген мәселелер бойынша жауапты бөлім басшыларына нақты тапсырмалар беріліп, орындалуын бақылауда ұстау міндеттелді.
«ҚТ» ақпарат
21 қараша 2026 ж. 65 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№88 (10556)

21 қараша 2026 ж.

№87 (10555)

16 қараша 2026 ж.

№86 (10554)

14 қараша 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 417
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 534

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30