Мәслихаттар сайлауы
» » ОТАНДЫҚ ӨНДІРІСТІ ДАМЫТУ МЕН ҚОЛДАУ ШАРАЛАРЫ МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

ОТАНДЫҚ ӨНДІРІСТІ ДАМЫТУ МЕН ҚОЛДАУ ШАРАЛАРЫ МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ


Бүгін аудан әкімі Жандос Еркінбектің төрағалығымен кезекті мәжіліс өтіп, онда облыс әкімінің төрағалығымен өткен жиындағы күн тәртібінде қаралған отандық өндірісті дамыту және қолдау шаралары талқыланды.

-Отандық тауар өндірушілерді жан-жақты қолдау және дамыту – жаңа жұмыс орындарын ашу, бюджет түсімдерін арттыру және сырттан жеткізілетін тауарларға тәуелділікті азайту дегенді білдіреді. Бүгінде мемлекет тарапынан тауар өндірушілерге жеңілдетілген несиелеу, субсидиялау, инфрақұрылым тарту, жер учаскелерін беру және мемлекеттік сатып алуларда басымдық беру сияқты тиімді тетіктер қарастырылған,- деп айтқан аудан басшысы жауапты сала басшыларына жобаларды несиелендіру кезінде олардың тиімділігіне, қаржылық мүмкіндіктеріне талдау жүргізу қажеттігін ескертті. Бұл ретте кәсіпкерлерге несие алумен қатар, оны уақытылы қайтару жауапкершілігін де түсіндіру керектігін айтты.

Қазір әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары нарығындағы баға тұрақтылығын сақтау - өзекті мәселелердің бірі. Осы бағытта Жандос Еркінбек тиісті бөлімге аудан аумағындағы азық-түлік бағаларына мониторинг жүргізу жұмыстарын күшейтіп, негізсіз баға өсімінің алдын алу бағытында тиісті шаралар қабылдауды тапсырды.

Мәжіліс қорытындысымен жауапты бөлімдердің басшыларына көтерілген мәселелер бойынша бірқатар тапсырмалар беріліп, жұмыстың орындалуын қатаң бақылауға алу міндеттелді.

Қармақшы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

17 қараша 2026 ж. 47 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№87 (10555)

16 қараша 2026 ж.

№86 (10554)

14 қараша 2026 ж.

№85 (10553)

10 қараша 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 372
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 505

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30