» » ОТАНДЫҚ ӨНДІРУШІЛЕРДІ ҚОЛДАУ МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

ОТАНДЫҚ ӨНДІРУШІЛЕРДІ ҚОЛДАУ МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ


Бүгін ҚР Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен Үкімет отырысы өтті. Күн тәртібінде отандық өндірушілерді қолдау мәселесі талқыланды. Оған облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев селекторлық режим арқылы қатысты.
Басқосудан соң аймақ басшысының төрағалығымен өткен мәжілісте жауапты сала басшыларына тапсырмалар жүктелді.
«Отандық өндіруші кәсіпкерлерді қолдау басты назарда болуы тиіс. Жергілікті тауарөндірушілердің өнімдерін өткізу үшін мұнай-газ секторындағы жер қойнауын пайдаланушылармен ұзақ мерзімді келісім-шарт жасау маңызды. Өңдеу өнеркәсібін дамытуға бағытталған сапалы жобаларды әзірлеп, қаржы ұйымдарына ұсыныңыздар», – деді Нұрлыбек Машбекұлы.
Өткен 4 айдың қорытындысымен өңірдің өңдеу өнеркәсібі саласында 124 млрд. теңгенің өнімі өндіріліп, былтырғы осы кезеңмен салыстырғанда көрсеткіш 23,6%-ға артты.
Жергілікті тауарөндірушілерді қолдауда жоспарлы жұмыс бар. Үкіметтік бағдарламалармен қатар, 2 шағын өнеркәсіп паркі салынуда. Парктерде орналасатын жобаларға жылдық 3 пайызбен жеңілдетілген несие беру қарастырылған. Қосымша 5 шағын өнеркәсіптік аймақ құру үшін Өнеркәсіпті дамыту қорына 5 млрд. теңгенің өтінімі жолданды.
Өңірде жыл басынан бері жеке кәсіпкерліктің 491 жобасы қаржыландырылды. Жергілікті өнімдерді өткізу бойынша кәсіпорындармен 74 меморандум жасалды. «Қазпатент» ұлттық зияткерлік меншік институты арқылы географиялық нұсқама құқығын пайдалануға 12 өнім тіркелді.
Бұған қоса, ірі кәсіпорындардың өзекті мәселелері шешімін тауып келеді. Шыны зауытының жұмысы тұрақты. Зауыт іске қосылғаннан бері 45 млрд. 600 млн. теңгенің 37 млн. текше метр өнімін өндірді. Былтыр маусым айында қуаттылығы жылына 5 млн шаршы метр энергия үнемдейтін шыны өндірісінің жаңа желісі іске қосылды.

@Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

03 маусым 2025 ж. 99 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№69 (10437)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 414
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 210

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930