Құрылтай
» » ОТАНДЫҚ ТАУАРЛАРДЫ ҚОЛДАУ ЖӘНЕ ІЛГЕРІЛЕТУ ШАРАЛАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

ОТАНДЫҚ ТАУАРЛАРДЫ ҚОЛДАУ ЖӘНЕ ІЛГЕРІЛЕТУ ШАРАЛАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ


Бүгін аудан әкімі Жандос Еркінбектің төрағалағымен өткен мәжілісте отандық тауарларды қолдау және ілгерілету, «Ауыл аманаты» бағдарламасының жүзеге асырылуы, халықты жұмыспен қамту көрсеткіштері мәселелері қаралды.

Аудан басшысы: «Аймақ басшысы тауар өндірушілерге мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде қолдау көрсетуді атап өтті. Осыған сәйкес, аудандағы сауда орындарында отандық өнімдерді, тауарларды ілгерілетуге жағдайлар жасалу қажет», – деп атап өтті.

Осыған байланысты аудандық кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөліміне аудан орталығындағы ірі сауда орындарында «Қазақстанда жасалған» таңбасымен арнайы сауда сөрелерін ұйымдастыруды тапсырды.

Мәжілісте «Ауыл аманаты» бағдарламасының орындалу барысы да сараланды. 2026 жылы бағдарлама шеңберінде 42 жоба қаржыландырылған. Осыған байланысты нақты нәтиже беретін жобаларға басымдық берілуі керек екені айтылып, кемшіліктер болмас үшін жобалардың іске асуына тұрақты бақылау жүргізу тапсырылды.

Күн тәртібіндегі келесі мәселе – халықты жұмыспен қамту көрсеткіштері. Мәжілісте 2026 жылға жоспарланған тұрақты және субсидияланатын жұмыстарының орындалу барысы қаралып, жауапты мекемелердің есептері тыңдалды.

-Қасым-Жомарт Тоқаев өңір басшыларына әрбір 10 мың тұрғынға кемінде 100 жаңа тұрақты жұмыс орнын ашуды міндеттеді. Бұл талап – жергілікті атқарушы органдардың жұмысын бағалайтын негізгі көрсеткіштердің бірі,- екенін атап өткен аудан басшысы жауапты бөлімдер мен кент, ауылдық округ әкімдеріне жиында берілген тапсырмалардың сапалы әрі мерзімінде орындалуын қамтамасыз етуді тапсырды.

Қармақшы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

05 тамыз 2026 ж. 49 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№58 (10526)

04 тамыз 2026 ж.

№57 (10525)

01 тамыз 2026 ж.

№56 (10524)

28 шілде 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 592
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 1 053

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31