» » Қазақстан Қытай, Пәкістан және Үндістанның ірі нарықтарына отандық өнімін экспорттауы мүмкін

Қазақстан Қытай, Пәкістан және Үндістанның ірі нарықтарына отандық өнімін экспорттауы мүмкін

Аймақтық және шекаралық қауіпсіздікті қамтамасыз ету – Шанхай Ынтымақтастық ұйымының маңызды міндеттерінің бірі. Ұйымға Пәкістан мен Үндістан кіргеннен кейін ұйым әлем халқының 44 пайыздан астамын біріктіріп отырған қуатты аймақаралық құрылым болды. Осыған байланысты шекаралық қауіпсіздік пен ұйым кеңістігінде еркін сауда жасау өте үлкен рөл атқарады. Ең ірі көлік бағыттарының бірі – Қытай – Пәкістан экономикалық дәлізі және теңіз деңгейінен 5 мың метр биіктікте орналасқан әлемдегі ең биік таулы асфальтталған Хунджераб шекаралық асуы. Сонымен бірге экономикалық дәліз Қашғар мен пәкістандық терең сулы Гвадар айлағына дейін созылып жатқан жаңа Жібек жолының құрлықтағы және теңіздегі жолдарын байланыстырып отыр. «Осындай ірі трансшекаралық бағыттардың дамуы Шанхай Ынтымақтастық ұйымына мүше барлық елдердің арасындағы тауар айналымын арттыруға мүмкіндік береді, бұл экономикалық қарым-қатынастарды дамыту үшін үлкен мүмкіндік», – дейді сарапшылар. Демек Қазақстан Қытай, Пәкістан және Үндістанның ірі нарықтарына отандық өнімін экспорттай алады деген сөз. Цао Лэй, Хунджераб асуындағы кеден басшысы: – Біздің мәліметіміз бойынша 2017 жылы Хунджераб асуы арқылы өтетін екіжақты сауда көлемі 3миллиард 700 миллион долларды құрады. Сауда өсімі 2016 жылмен салыстырғанда 60 пайызға өскен. Мысалы, мына тауарлар Қытай-пәкістандық экономикалық дәліз жобалары үшін қолданылады. Шекара арқылы шағын кәсіпкерлер ғана емес, сонымен қатар тоқыма өнімдері мен техника тасымалдайтын ірі компаниялардың жүк тасымалдаушылар да өтіп жүр. Тауар айналым көлемі қарқынды өсіп келеді.
08 маусым 2018 ж. 1 171 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№90 (10355)

12 қараша 2024 ж.

№89 (10354)

09 қараша 2024 ж.

№88 (10353)

05 қараша 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 063

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930