» » Саудасы қызған Қытай сайттары

Саудасы қызған Қытай сайттары

Электронды коммерцияның дамуымен елдер арасында сауда-саттық бұрынғыдан да тиімді бола түсті. Қазір жаһандық электронды сауда нарығының көлемі 3,5 трлн теңгені құрайды. Ел азаматтары қытайлық электронды коммерция өнімдерін жаппай сатып алып жатыр. Басты себеп – тартымды баға және ауқымды ассортимент.
Қытайлық интернет-дүкен­дер арқылы электроника мен киімнен бастап тұрмыстық техника мен аксессуарларға дейін әртүрлі санаттағы өнімдерге қол жет­кізуге болады.
Жалпы, Қазақстан мен Қытай арасындағы сауда айналымы 2022 жылы 31 млрд долларды құраған еді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Қытай арасындағы сауда айналымы 40 млрд долларға жетеді деп межелеген еді. Осының ішінде электронды сауданың үлесі зор. Осы орайда елдер ара­сындағы сауда-саттықты өріс­тетуге себеп болып тұрған таны­мал маркетплейстерге тоқ­талып өтке­німіз жөн болар.
AliExpress. Қытайдан бөл­шек сауда үшін ең танымал маркетплейстердің бірі болып қала береді. Бұл платформадан көтерме және бөлшек саудада сатып алуға болатын түрлі санат­тағы тауарлардың кең ас­сор­­тиментін табуға болады.
Taobao. Ең алдымен Қы­тай­дың ішкі нарығына бағыт­талған танымал маркетплейс. Taobao пайдаланатын біздің азаматтар ондағы тауарларды сатып алу және жеткізу үшін делдалдық компаниялар көмегіне жүгінеді.
JD.com. Тауарлардың кең таң­дауы бар тағы бір ірі қы­тайлық онлайн нарық. Ең­ ірі интернет-дүкен бол­ған­дықтан, ол жерден сенімді са­ту­шылардың жоғары сапалы өнімдерін табуға болады. Жа­қында осы сайтта қазақ­стандық өнімдердің топтама павильоны ашылды.
Alibaba.com. Көтерме сауда­дағы ең үлкен және танымал маркетплейс.
Dhgate. Қытайдан көтерме және бөлшек сауда жасауға арналған танымал маркетплейс.
1688.com. Alibaba Group-қа тиесілі бұл қытайлық маркетплейс отандық кәсіпкерлер арасында тауарларды көтерме сатып алуға болатындығымен та­нымал.
Pinduoduo.com. Электронды коммерция бойынша ірі Қытай кәсіпорны. Әлемнің ең ірі онлайн-дискуантер және маркет­плейсі. Қолданысы жа­ғынан жеңіл болған соң, қазір­гі уа­қыт­та елі­мізде ке­ңінен таны­мал.
Жоғарыда кейбір қытайлық маркетплейстерді пайдалану үшін делдал компаниялар кө­ме­­гіне жүгіну қажет болатынын айттық. Taobao-дан бөлек,
1688.com-нан тауар алу үшін делдал компания іздеуге тура келеді. Оны ел арасында «карго» деп атап кеткен. «Карго» тауарларды қытайлық сайттардан сатып алып, оларды Қазақстанға жөнелткен кезде әуе поштасы, теңіз контейнерлері немесе ха­лықаралық курьерлік қыз­меттер сияқты әртүрлі жүк әдіс­терін пайдаланады. Қайсы мар­кет­плейстің де жеткізу мер­зімі шамамен бірдей – бір аптадан бір айға дейінгі аралықта тапсырыс берген тауарыңыз келіп жетеді.
«Мен Pinduoduo сайтынан тауар алып-сатумен бір жарым жылдан бері айналысып келемін. Тауардың келуі «каргоға» байланысты, дегенмен өзім 8-10 күн аралығында тапсырысымды аламын. Өте арзан және сапалы заттар сатып алуға мүмкіндік бар. Соның нәтижесінде Қытайдан шар сатып алып, Алматыда әр­түрлі фотоаймақ, шарлар, түрлі мерекелік декорация жасаумен айналысып жүрмін», дейді маркетплейстер игілігін көрген кәсіпкер Жанна Қанатқызы.
 
Аружан МӘУЛЕНБАЙ,
Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының 4-курс студенті
09 тамыз 2023 ж. 3 079 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№93 (10358)

23 қараша 2024 ж.

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

№91 (10356)

16 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 259

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 358

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930