» » БІЛІМ САЛАСЫНДАҒЫ МАҢЫЗДЫ ҚАДАМ

БІЛІМ САЛАСЫНДАҒЫ МАҢЫЗДЫ ҚАДАМ

Білім – мемлекет дамуының негізі. Қазіргі замандағы жаһандану мен технологиялық ілгерілеу кезеңінде білім беру жүйесін жетілдіру – елдің болашағына жасалған инвестиция. Осы орайда білім саласында жасалатын әрбір маңызды қадам қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуына тікелей әсер етеді.
Білім саласындағы маңызды қадамдардың бірі – оқыту әдістемесін жаңғырту. Дәстүрлі жүйеден гөрі сыни ойлау, шығармашылық қабілетті дамыту, жобалық оқыту, цифрлық сауаттылық сынды заманауи тәсілдерге көшу – бүгінгі заман талабы. Бұл оқушыларды тек біліммен қаруландырып қоймай, оларды өмірлік дағдыларға үйретеді. Тағы бір маңызды бағыт – оқытушылардың кәсіби біліктілігін арттыру. Ұстаз – білім беру жүйесінің жүрегі. Сондықтан педагогтардың біліктілігін жүйелі түрде арттырып отыру, оларды заманауи технологиялармен, әдіс-тәсілдермен қамтамасыз ету – ұзақ мерзімді нәтижеге әкелетін маңызды қадам. Сонымен қатар, цифрлық білім беру платформаларын енгізу – қашықтан оқыту, цифрлық ресурстарды пайдалану, онлайн білім беру жүйесін жетілдіру арқылы білімге қолжетімділікті кеңейтуге мүмкіндік береді. Бұл ауылдық және шалғай аймақтардағы оқушылар үшін де тең мүмкіндік туғызады.
Биылғы білім белесінде Оқу ағарту министрлігінің хабарлауынша, 1 қыркүйектен бастап еліміздің барлық білім беру ұйымдарында «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы іске қосылады.
Жаңа оқу жылынан бастап еліміздегі барлық білім беру ұйымдарында, соның ішінде жекеменшік мектептерде де тәрбие жұмысы «Адал азамат» атты біртұтас бағдарлама негізінде жүргізіледі. Бұл бұрын жүзеге асырылған «Біртұтас тәрбие» тұжырымдамасының жалғасы. Бірақ мазмұны жаңартылып, Мемлекет басшысының «Адал азамат – адал еңбек – адал табыс» идеологиялық қағидасымен үндестірілген.
Бағдарламаның үйлестірушісі Ы.Алтынсарин атындағы ҰБА мәліметінше, ҚР Оқу-ағарту министрлігінің 2025 жылғы 26 мамырдағы №123 бұйрығымен ресми түрде жаңа атауы бекітілген. Оның мақсаты – адал, еңбекқор, елжанды азаматтар тәрбиелеу. Тәрбие жүйесі жалпыұлттық құндылықтарға негізделіп, мектеп, атаана және қоғам арасындағы байланысты нығайтуға бағытталады.
Биыл алғаш рет бұл бағдарлама жекеменшік мектептер үшін де міндетті болмақ. Мұндай талап тәрбие жұмысының ел көлемінде бірізді стандартпен жүргізілуіне және барлық оқушылар үшін тең орта қалыптастыруына мүмкіндік береді.
Барлық мектептер үшін бірыңғай визуалды стандарт – брендбук әзірленеді. Мектептің ішкі және сыртқы келбеті ұлттық тәрбиелік құндылықтар мен мәдениетті бейнелейтін ортаға айналады.
Тәрбие жұмысын жүзеге асыруда барлық тараптардың өзара бірлесе қызмет атқаруына ерекше көңіл бөлінеді. Мектептердегі тәрбие ісі мемлекеттік органдармен, құқық қорғау, денсаулық сақтау, ішкі саясат саласындағы құрылымдармен тығыз жүргізіледі. Ай сайын белгіленген тақырыптар сабақ пен сыныптан тыс іс-шараларды бір-бірімен сабақтастырады. Мәселен, әділдік, еңбекқорлық, патриотизм сынды құндылықтар оқу процесінің өзегіне айналмақ. Осы бағытта мектеп өміріне «Өнегелі 15 минут», күй әуенімен қоңырау соғу, ұлттық ойындар секілді жаңа форматтар енгізіледі. Сонымен қатар, оқушының мектеп қабырғасынан тыс өмірлік тәжірибесін байытуға да ерекше көңіл бөлінеді.
Бұған дейін іске асқан «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында «Қамқор» (экология және волонтерлік), «Еңбегі адал – жас өрен» (еңбекке баулу және мамандыққа бағдар), «Smart Bala» (IT және инновациялық ойлауды қолдау), «Шабыт» (өнер мен мәдениет арқылы рухани даму), «Ұшқыр ой алаңы» (пікірсайыс пен зияткерлік ойындар), «Балалар кітапханасы» (оқу сауаттылығы мен кітап мәдениетін дамыту) секілді алты ірі жоба жүзеге асқан болатын.
Сонымен бірге буллингтің, құқықбұзушылық пен балалар арасындағы қауіптің алдын алуға бағытталған «Цифрлық әлемде қауіпсіз қадам», «Буллингтен қорған!», «Қауіпсіз қоғам» тақырыбындағы жобалар өз жұмысын жалғастырады. Бұл бағдарлама – еліміздің барлық мектептерінде біртұтас тәрбиелік орта қалыптастыруға бағытталған маңызды қадам. Білім саласындағы мұндай маңызды істер – елдің ертеңіне бағытталған стратегиялық шешімдер. Инновациялық, әділ, инклюзивті білім беру жүйесін қалыптастыру болашақ ұрпақтың жарқын келешегіне жол ашпақ.
Ардақ СӘКЕНҚЫЗЫ
26 шілде 2025 ж. 76 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№64 (10432)

26 тамыз 2025 ж.

№63 (10431)

23 тамыз 2025 ж.

№62 (10430)

19 тамыз 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 275
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Жосалы жаңару жолында
26 тамыз 2025 ж. 301

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031