» » Иранның мұнай экспорты азайды

Иранның мұнай экспорты азайды


АҚШ пен Иран арасындағы жанжал ушығып барады. Салдарынан Иран мұнайының Азияға экспорты азайған, деп хабарлайды «Хабар 24» арнасының тілшісі.
Шілде айымен салыстырғанда Иран импортының көлемі күніне 300 мың баррельге төмендеген. Сарапшылардың айтуынша, бұл көрсеткіш АҚШ-тың қайта салған санкциясынан соң орын алып отыр.
Санкция салынды, мұнайдың бағасы қымбаттады. Салдарынан экспорт көлемі азайды. Ал Иранның басты бәсекелесі Сауд Арабиясы мұнай өндіріс қуатын арттырып отыр.
Тегераннан шикізат алатын ең үлкен төрт серіктесі – Қытай, Үндістан, Оңтүстік Корея және Жапония. Тамыз айында бұл елдер тәулігіне 1,57 миллион баррельді импорттаған. Бұл соңғы айдағы ең төмен көрсеткіш болып отыр. Экспорттың төмендеуіне АҚШ президенті Дональд Трамптың шешімдері тікелей сеп болып отыр. Ол мамыр айының басында «Иран ядролық келісімінен» шығатынын айтып, Тегеранға қатысты санкцияны қайта жаңғыртқан еді. Сондай-ақ қараша айынан бастап импорттаушы елдерді Иран мұнайын алмауға шақырды.
Александр Новак, РФ энергетика министрі:
- Ойда жоқта санкцияларды салу, сауда соғысы – мұның барлығы да жаһан экономикасына кері ықпалын тигізеді. Сондай-ақ нарықты болжауда кедергі келтіреді. Бұндай шешімдер әлем экономикасының өсімін тоқтатады әрі дүниежүзіндегі энергия қауіпсіздігіне тосқауыл болады.
Үндістан Иран мұнайын алады
Мұндай сес көрсетулерге қарамастан Үндістан Иран мұнайын сатып алып, Тегеранмен арадағы экономикалық серіктестікті сақтап қалмақ. Иранның сыртқы істер министрі Мохаммад Джавад Зариф осылай деп мәлімдеді. 
Мохаммад Джавад Зариф, Иранның сыртқы істер министрі:
- Біздің үндістандық достарымыз экономикалық серіктестікті жалғастыруға, ирандық мұнайды импорттауға әрдайым мүдделі екендіктерін жеткізді. Үндістанмен түрлі сала бойынша серіктестік орнатқанбыз.
Сауд Арабиясы мұнай өндіру қуатын арттырады
Ал АҚШ пен Иран арасындағы жанжал Сауд Арабиясы үшін тиімді болып тұр. Себебі, бұл мемлекет мұнай өндіру қуатын екі есеге артырмақ. Ендігі өндіріс қуаттылығын арттыру Эр-Риядқа қысқа ғана уақытта қордағы шикізатты көбейтіп алуға мүмкіндік бермек. Статистикаға сүйенсек, бүгіннің өзінде Сауд Арабиясы мұнай қоры көп ТОП-елдердің ішінде екінші орнында. Ал Иран төртінші орынға жайғасқан.
Михаид Магид, саясаттанушы:
- Бірнеше ай бұрын Дональд Трамп әкімшілігі мен Сауд Арабиясы арасында келіссөз өтті, онда Иранның орнын Сауд Арабиясы басады деген келісім жасалды. Бұл күніне 1,5-2 миллион баррель мұнайды құрайды. Келіссөз табысты өтті. Сондықтан Ирансыз қалған мұнай нарығын тұтастай Сауд Арабиясы, Ресей және ОПЕК ұйымына кіретін өзге де елдер бөліп алмақ.
Қара алтын қымбаттайды
Сарапшының сөзінен байқағанымыздай, АҚШ пен Сауд Арабиясының серіктестігі Иран нарығына кері әсерін тигізіп жатыр. Бәлкім Трамптың салған санкциясында саяси қызығушылық бар шығар. Кім білсін. Десе де бұл санкция экспортқа ғана емес, қара алтынның бағасына да әсер етіп жатыр.
Халид Әл-Фалих, Сауд Арабиясының энергетика министрі:
- Жағдайдың қалай қалыптасатынын алдағы уақытта көретін боламыз. Меніңше, келер айда мұнай бағасы қыркүйек айымен салыстырғанда жоғары болуы мүмкін. Дей тұрғанмен сұранысты 100 пайыз орындаймыз деген сенімдемін. Әзірге нарық тұрақты. Бірақ қараша-желтоқсан айларында жағдайға қарай қимылдаймыз деп ойламын.
Міне, халықаралық нарықтағы жағдай осындай. Баға құбылып тұр. Бір елдің бағы жанып, қуаты артып жатса, бірінің экспорт көлемі төмендеуде.

24.kz
29 қыркүйек 2018 ж. 1 131 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 040

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031