» » Израиль Иранға қатысты беймәлім құпия деректі ашты

Израиль Иранға қатысты беймәлім құпия деректі ашты

Иранның әскери-ядролық бағдарламасы болған. Ел билігі жылдар бойы бұл жобаны жасырып, халықаралық қауымдастықты алдап келген.Бұл туралы Изариль Премьер-министрі Беньямин Нетаньяху мәлімдеді. Өйткені Израиль барлау қызметі Тегеранның осыдан 15 жыл бұрын тоқтатқан әскери-ядролық бағдарламаға қатысты құпия құжаттарды қолға түсірген. Табылған материалдарға қарағанда Иран «Амад жобасы» деген атпен жойқын қару жасау бағдарламасын жүзеге асырған. Жоба 1999-2003 жылдар аралығында жүргізіліп, қуаты 10 килотонна құрайтын 5 ядролық оқтұмсықты жасап шығаруды мақсат еткен. Бірақ халықаралық қауымдастық тарапынан көрсетілген қысымға байланысты тоқтатылған. «Сондықтан Иран өзіне алған халықаралық міндеттерді бұзды» деп санайды ресми Тель-Авив.
Биньямин Нетаньяху, Израиль Премьер-министрі:
- Иран өзінің әскери-ядролық бағдарламасы жоқ деп, жаһанға жалған ақпарат таратып келген. Қолға түскен 100 мың құжат соны айғақтайды. Тіпті алтылықпен ядролық келісімге қол қойғаннан кейін де өзінің жойқын қару жасау бағдарламасын болашақта қолдану мақсатымен жүзеге асыра берген.
Алайда ресми Тегеран бұл айыптарды жоққа шығарды. Еуроодақтың Сыртқы істер бойынша жоғарғы өкілі Федерика Могерини болса бұл материалдарды алдымен тексеріп, МАГАТЭ-нің сараптамасын жүгіну керек екені айтты. Ал АҚШ президенті Дональд Трамп 2015 жылы Иранмен жасалған шарттың тиімсіз екенін жеткізіп, 12 мамыр күні осы құжатты ары қарай созуға байланысты шешім қабылдайтынын мәлімдеді.
01 мамыр 2018 ж. 1 225 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№94 (10462)

09 желтоқсан 2025 ж.

№93 (10461)

06 желтоқсан 2025 ж.

№92 (10460)

02 желтоқсан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 047
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 712

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031