» » АҚШ Иранның ядролық бағдарламасына қатысты келісімнен бас тартты

АҚШ Иранның ядролық бағдарламасына қатысты келісімнен бас тартты

Америка Құрама Штаттары Иранның ядролық бағдарламасына қатысты келісімнен бас тартты. Бұл туралы Ақ үй басшысы Дональд Трамп мәлімдеді. Сонымен қатар ол елдің қаржы министрлігіне ресми Тегераннан алынған санкцияларды қайта күшіне енгізуді тапсырды. Іле-шала елдегі шетелдік активтерді бақылау басқармасы да жедел іске кірісетінін мәлімдеді. Енді ирандық компаниялармен іскерлік әріптестік орнатқан америкалық кәсіпорындарға 180 күн беріледі. Осы уақыт ішінде олар барлық байланыстарын тоқтатуға тиісті. Содан кейін санкциялар күшіне енеді. Дональд Трамп, АҚШ президенті: – Иранға қарсы қатаң экономикалық санкция жариялаймыз. Тегеранның ядролық қаруды иемденуіне көмек берген кез келген мемлекетке де дәл осындай шара қабылданады. Бұл келісімнен бас тарттық. Бірақ одақтас елдермен бірлесіп, Иранның ядролық бағдарламасына қатысты жан-жақты қамтылған жаңа мәмілеге келуге тырысамыз. Ол Тегеранның баллистикалық зымырандарынан келетін қауіпті жойып, лаңкестерге қолдау көрсету жолдарын кесіп, Таяу Шығыстағы ықпалын азайту сынды мәселелерді қамтуы тиіс. Егер Иран басшылығы алған бетінен қайтпаса, қиындыққа тап болары сөзсіз.

09 мамыр 2018 ж. 1 277 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№94 (10462)

09 желтоқсан 2025 ж.

№93 (10461)

06 желтоқсан 2025 ж.

№92 (10460)

02 желтоқсан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 044
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 712

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031