» » Германияда билік коалициясы құрылды

Германияда билік коалициясы құрылды

http://24.kz/media/k2/items/cache/2b16edda3f00de6aef0f0b91d478b208_XL.jpg
Германияда басқару коалициясын құру бойынша келіссөздер табысты аяқталды. Оның құрамы: Германияның социал-демократиялық партиясы, христиан-демократиялық және христиан-әлеуметтік одағы деген үш партиядан құралды. Келіссөздердің қорытынды раундында ортақ бағдарлама бекітілді. Тіпті министрлердің міндетін өзара бөліске салды. Саясаткерлердің келіссөзі 4 айдан астам уақытқа созылды. Әйтеуір ортақ келісімге келді. Германияның алдыңғы қатарлы партиялары біріге отырып, үлкен коалиция құрғанын мәлімдеді. Христиан-демократиялық және христиан-әлеуметтік одақ пен Германияның социал-демократиялық партиясы қайтадан бірігіп, ел игілігі үшін жұмыс істейді. Коалицияны құру келіссөзі өте қиынға соқты. Ал қорытынды раунд бір тәулікке созылды. Үш тараптың өкілдері денсаулық сақтау мен босқындарды қабылдауға байланысты даулы мәселелерді түні бойы талқылады. Дегенмен, нәтижесі неміс саясаткерлерінің көңілдерінен шыққан көрінеді. Ангела Меркель, Германия канцлері: - Біздің басты екі тапсырмамыз болды. Біріншіден үкіметті құрып, оны тұрақты ету. Екіншісі, келіссөздер кезінде ел игілігін ойлау. Менің ойымша, біздің бірігіп қабылдаған шешім барлық тапатың көңілінен шықты. Бұл - елге қажет болған жақсы әрі тұрақты үкіметтің негізі. Германияның бәсекеге қабілетті болып қалуына, өмір сүру деңгейін жақсартатына сенімім мол. Германияның тарихында ең ұзаққа созылған келіссөздің қорытындысы коалициялық келімге келу болды. Енді құжатты социал-демократиялық партия өкілдері мақұлдауы тиіс. Онда 463 мың мүше бар. Тек содан соң ғана басқару коалициясы құрылатын болады. Манфред Грунд, Бундестаг депутаты: - Менің ойымша, Пасха мерекесіне дейін жаңа Үкіметіміз құрылады. Ангела Меркель канцлер қызметіне қайта отырады. Біз де өзіміздің белсенді жұмыстарымызды бастаймыз. Әрине, бір күн тәртібі Қазақстанмен серіктестік қарым-қатынасқа бағытталады. Айта кетейін, үш партияның ортақ бағдарламаны бекіту уақыты ұзаққа созылды. Дегенмен, жақсы жетістіктерге қол жеткіздік. Және де ең қызығы, Жаңа үкіметте кімнің қандай қызмет атқаратыны да белгілі борлды. БАҚ өкілдерінің мәліметінше, Урсула фон Дерляйн қорғаныс ведомствосының басшысы болып қалады. Ал Сыртқы істер министрлігін Германияның социал-демократиялық партия көшбасшысы болған Мартин Шульц басқарады. Басқа министрліктер жайлы ақпараттар жақын арада анықталмақ.


08 ақпан 2018 ж. 1 662 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 033

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031