» » Нью-Йоркте үшжақты келісімге қол қойылды

Нью-Йоркте үшжақты келісімге қол қойылды

«Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО), Atameken Business Channel және Bloomberg Нью-Йоркте  үшжақты келісімге қол қойды. abctv.kz ақпараттық сайты хабардар еткендей, келісімшартқа сәйкес Atameken Business Channel  АХҚО-ның ресми ақпараттық серіктесі атанды.
АХҚО мен Bloomberg арасындағы ынтымақтастық туралы алғашқы уағдаластыққа  Премьер-министр Бақытжан Сағынтаев АҚШ-қа жұмыс сапарымен барған кезде қол жеткізілгені белгілі.  2017 жылдың 12 сәуірінде Премьер-министр Бақытжан Сағынтаев АҚШ-қа жұмыс сапары барысында Нью-Йорктің экс-мэрі Рудольф Джулиани және Майкл Блумбергпен кездескен. Келіссөз барысында телекоммуникация инфрақұрылымын дамыту саласындағы ынтымақтастық, сондай-ақ «Астана» халықаралық қаржы орталығын (АХҚО) дамытуға қатысты мәселелер талқыланған. Келіссөздің ең басты нәтижесі – Астанада Bloomberg-тің телеарнасын және кеңсесін ашу уағдаластығына қол жеткізу болды.
– «Atameken Business Channel мен Bloomberg-тің ынтымақтастығы Қазақстан бизнесмендерінің инвестициялық мүмкіндігі туралы ақпаратты әлем бизнесмендеріне жеткізу, біздің елге қаражат тарту және жетекші өңірлік қаржы орталығының дәрежесі деген атаққа ие болу, ­ – деді АХҚО басқарушысы Қайрат Келімбетов. Содан кейін келісімге Atameken Business Channel қосылды.
–Нью-Йоркте біз үшін өте маңызды үшжақты келісімшартқа қол қойылды. Бұл жарты жылдан астам уақыт бойғы күрделі келіссөздердің жемісі.  Біздің үлкен команда келісімшартты алу үшін жұмыс жасады, ал бүгін сол жұмыстың нәтижесін көріп отырмыз. Барлығыңызға үлкен рақмет айтқым келеді. «Астана» халықаралық қаржы орталығы өзінің ресми ақпараттық серіктесі ретінде  Bloomberg-пен қатар ABCTV-ны таңдағаны біз үшін қуанышты жағдай. АХҚО-мен серіктестік бізге Орталықтың ақпаратын қазақ және орыс тілінде таратуға құқық береді. Ал Bloomberg-пен серіктестікке келетін болсақ, онда оның аясында біздің қызметкерлер үздік тренерлерден  үйреніп, Bloomberg-тің Гонконг, Нью-Йорк, Лондондағы кеңселерінде тағлымдамадан өтеді. Осы келісімшарттың аясында іскери журналистиканың әлемдік көшбасшысымен жұмыс істеуге мүмкіндік алдық. Бұл жаңа сапалы деңгейге көтерілуге мүмкіндік береді деп ойлаймыз, ­– деді Atameken Business Channel-дің бас директоры Юлия Синчук.
16 қаңтар күні «Астана» халықаралық қаржы орталығының баспасөз қызметі ресми түрде жұмыс істей бастағаны туралы хабарлап, «компанияларды тіркеу басталды» деп мәлімдеді.  АХҚО жанынан қаржылық қызмет көрсетуді  реттеу жөніндегі комитет (АФСА) жұмыс істей бастады. АФСА қызмет көрсетудің кең спектрін, яғни инвестицияларды және активтерді басқару,  private banking, қорларды әкімшілдендіру мен басқару, катодиалдық қызмет, исламдық қаржыландыру ісімен айналысады сондай-ақ өкілдік кеңселердің жұмысын лицензиялайды. АХҚО аясында алғаш рет посткеңестік кеңістікте ағылшын коммерциялық құқы және Лондон, Нью-Йорк, Гонконг, Сингапур, Дубай сияқты жетекші қаржы орталықтарының стандарттарына негізделген өз құқы бар арнайы заңды құзырет енгізілді. АХҚО-ның тәуелсіз соты құрылды, ол коммерциялық және азаматтық дауларды қарастырады. Сондай-ақ халықаралық төрелік сот құрылды. АХҚО базасында жоғары технологиялық биржа (AIX) жұмыс істейді. Оның стратегиялық серіктестері Шанхай қор биржасы және NASDAQ. Астанаға халықаралық сарапшыларды тартуды жеңілдететін экспат-орталық құрылды. АХҚО бір терезе жүйесін, визаларды беру, тіркеудің жеңілдетілген режимін, жұмысқа тұруға рұқсат және басқа да рәсмдерді  ұсынады. АХҚО-ның мақсаты ­ халықаралық деңгейдегі  қаржылық қызметтің  жетекші орталығын қалыптастыру.
18 қаңтар 2018 ж. 1 389 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 038

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031