» » Италияда сайлауалды науқан басталды

Италияда сайлауалды науқан басталды

Бір айдан соң, 4 наурызда дауыс беру қорытындысы бойынша ұлттық парламенттің жаңа құрамы анықталады.
Бүгінде кандидаттардың тізімі жарияланып, бағдарламалар дайын және саяси тартыс ашық деп жарияланды. Елдегі бас партиялар дауыс берушілерге «өзекті мәселелердің шешімін табамыз» деп жарыса үндеу жолдап жатыр. Ал халық саяси додадан қандай үміт күтеді?
Италиялықтар парламенттік сайлаудан үміт күтіп отырған жоқ. Себебі жаңашылдық мемлекетке жақсы өзгерістер әкеледі дегеннен көңілдері қалған. Eurispes институты өздерінің соңғы есеп беруінде елдегі әлеуметтік көңіл-күй деңгейін жариялады. Онда 5 адамның төртеуі мемлекеттік билікке сенбейтіндігін айтқан. Тіпті дағдарыс артта қалса да, тұрғындардың 70 пайызының тұрмыстық деңгейі әлі де нашар. Үздік деген Маттео Ренцидің «Демократиялық партиясының» да танымалдылығы төмендеп кеткен. Сондықтан сайлауда олардың оқ бойы озып шығуы екіталай.
Бүгінде «Бес жұлдыз» популистік қозғалысы Италиядағы ең танымал саяси күш болып табылады. Сайқымазақ әртіс негізін қалаған партия 10 жыл ішінде толыққанды оппозицияға айналып, жұмысшы топтың қолдауына ие болды. Сайлауда қозғалысты 31-лидер Луиджи Ди Майо басқарады.
Луиджи Ди Майо, «Бес жұлдыз» қозғалысының көшбасшысы:
- Біздің мақсатымыз – италиялықтардың мәселесі туралы білетін, оларды жігері мен күші, құзыреттілігі арқылы шешуге тырысатын топпен бірге үкіметке кіру. Мен үлкен жұмыс атқаратынымызға сенімдімін. Ақырында отандастарымыз 30 жылдан бері саясаттан күткен мәселелердің шешімін табамыз.
Италияның өзге партияларына қарағанда «Бес жұлдыздың» басым дауыс жинауына мүмкіндігі бар. Алдын ала жүргізілген сауалнама бойынша, тұрғындардың 30 пайызы осы қозғалысты қолдауға дайын. Дегенмен елді басқару үшін бұл жеткіліксіз. Парламенттегі орындардың басым көпшілігін жеңіп алу керек. Бұл тек Сильвио Берлускони бастаған бірыңғай орталық-оң коалициямен біріккенде ғана жүзеге аса алады.
Айта кету керек, осы сайлаудағы бәсекелестердің бағдарламалары бір-бірінен айтарлықтай ерекшеленбейді. Олар «салық жеңілдейді, зейнетақы өседі, жаңа жұмыс орындары ашылады, мигранттар мәселесі шешімін табады» деген секілді уәделерді жарыса, жар салып келеді. «Бірақ, италиялық саясаткерлердің ешқайсысы ел үшін ұзақ мерзімді стратегия дайындамаған», – дейді профессор Эмилиана Де Бласио.
Эмилиана Де Блазио, LUISS Guido Carli саяси коммуникациялар профессоры:
- Менің ойымша, сайлауалды бірде-бір бағдарлама болашақты жоспарламаған. Еуропалық саясаттан біздің ерекшелігіміз де осы. Олар кемінде 30 жылға арналған үлкен жобаны ұсынады. Ал біздікілер күнделікті тірліктегі мәселелерді, жұмыссыздық немесе салықты жеңілдетуді ұсынады. Ал оны шешудің нақты үлгісі де жоқ.
Сонымен, жаңа үкіметті кім басқарады? Италиялықтардың бұл сұрақты таразылауына бір ай уақыты бар. Егер дауыс беру қорытындысы бойынша бірде-бір партия қарсыластарына қарағанда айтарлықтай үлкен басымдықпен дауыс жинай алмаса, олар өзара келісімге келіп, коалициялық үкімет құрулары тиіс.
05 ақпан 2018 ж. 974 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 039

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031