» » ТМД елдері арасында үздік Аяз Ата таңдалды

ТМД елдері арасында үздік Аяз Ата таңдалды



ТМД елдері арасында өткен сайыста Беларусь аяз атасы топ жарды.

Қазақстан екінші орыннан көрінсе, әзербайжандықтар үштікті түйіндеді. Жаңа жылдың бас кейіпкеріне қандай талап қойылды?

Беларусьте жаңа жылдық шаралар басталып, қыстың басты сиқыршысы Аяз Ата бүлдіршіндермен кездесу өткізіп жатыр. Кішкентайлардың хаттарын оқып, сыйлық таратып, бар тілектерін орындауға тырысады.

Аяз Ата:

- Егер сиқыр-ғажайыпқа сенбесем, Аяз Ата болмас едім. Өйткені ол балалар мен үлкендерге көмектесіп, бауырмал әрі мейрімді болуы керек. Әрбір жанға жылы лебізін білдіріп, бүлдіршіндерді қуаныш-шаттықа бөлеуі тиіс. Аяз Атаның жақсылығы жалғаса берсін.

Ежелгі Беларусь аңыздары бойынша, «Зюзи» деп аталатын Аяз Ата үйі Беловеж орманында орналасқан. Қазір ол елдегі басты жаңа жылдық шараға дейін өз сарайында күн сайын мыңдаған саяхатшыны қабылдауда. Биіктігі 40 метрге жететін жаңа жылдық шырша да осында өседі. Мұнда кішкене бүлдіршіндердің хаттары мен сыйлықтары сақталатын Ақша қардың үйі мен жаман қылықтарды құмға айналдыратын диірмен де бар.

Владимир Радивилов, Беларусь Республикасының Еңбек сіңірген әртісі:

- Бүгін менің Аяз Атаның асатаяғын ұстағаныма 24 жыл толады. Бұл үлкен кезең.

Беларусьтің еңбек сіңірген әртісі Владимир Радивилов көп жылдан бері Аяз Атаның ролін атқарып келеді. Ол – талай ұрпақтың тілегін орындаған сиқыршы.

Владимир Радивилов, Беларусь Республикасының Еңбек сіңірген әртісі:

- Бір жолы сахна сыртында маған бір әйел келіп менімен кішкене кезінде түскен суретін, содан кейін қасына ертіп келген қызын көрсетті. Бала кезінде жаңа жылдық шыршаға қатысып, жанұялы болған адамдарды көру қандай ғанибет десеңізші.

ТМД-ның Аяз аталары арасында танымалдық көрсеткіші бойынша Беларусь Аяз Атасының жеңіске жетуін қыстың басты сиқыршысы қуанышпен қабылдады. Ең бастысы, барлық елдің балалары ертегіге сеніп, балалық шағы бақытты өтсе дейді ол.

Аяз ата:

- Құрметті Аяз ата. Сізді Жаңа жылыңызбен құттықтаймын. Сізге мықты денсаулық, бақ-береке тілеймін. Мен бірінші, ал сен екінші орында болсаң да екеуіміз біргеміз. Біздің бірінші орында екенімізді ұмытпа. Жаңа жылыңмен, Аяз ата.

23 желтоқсан 2018 ж. 1 210 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 055

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031