» » Римдіктер ең әдемі раушан гүлін таңдаудан жарысып жатыр

Римдіктер ең әдемі раушан гүлін таңдаудан жарысып жатыр

Рим халқы ең әдемі раушан гүлін таңдап жатыр. Оның жаңа сорттары Италия астанасындағы халықаралық байқауда анықталмақ. Әділ қазылар алқасының назарына әр елдің селекционерлері 88 жаңа раушан сортын ұсынды. Әрбір нұсқа кемінде 10-15 жыл  жүргізілген мұқият ізденістің нәтижесі. Байқауға қатысып жатқан раушанның бұл түрлерін ешкім көрмеген. Тіпті сатылымда жоқ. Әр түрлі түстегі және өлшемдегі гүл шоқтарын алдымен халықаралық сарапшылар бағалауы тиіс. Басты талап - өсімдіктің ауруға төзімділігі, ерекше бояуы бұтадағы гүлдерінің саны. Ал ең бастысы раушанның жұпар иісті болуы. Айта кетейік, «Рим премиясы» деп аталатын бұл сайыс әлемдегі ең ежелгі байқаулардың бірі. Ол аяқталған соң барлық гүл көшеттері Римде қалады. 80 жыл ішінде мұнда раушанның 1200-ге жуық бірегей сорты жинақталған. Иза Мария Боццоло, қазылар алқасының төрайымы:  - Әр раушанның өзіне тән иісі бар. Бірі жұпар иісті. Бірінен шабдалының немесе әніс майының иісі шығады. Тек уақыт өткен соң ғана бұл түрлі иісті ажыратуға болады. Сол себепті қазылар алқасы жұпар иістің сапасын бір-біріне дауыстап айтып анықтайды. Егер 3-4 адамның ойы бір жерден шықса, демек, дұрыс шешім қабылданды. Сондай-ақ раушанның иістерін анықтайтын арнайы сарапшылар да бар. Еуропа бойынша олар тек екеу ғана. Сарапшылар байқауға келіп, маңызды бағасын беріп кетеді.

22 мамыр 2018 ж. 1 092 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

№66 (10434)

03 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.
Баршаның назарына!

Баршаның назарына!

21 шілде 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 395
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 196

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930