Мәслихаттар сайлауы
» » Трамп, Путин және Си Цзиньпин Қытайда кездесті

Трамп, Путин және Си Цзиньпин Қытайда кездесті

АҚШ президенті Дональд Трамп, Ресей басшысы Владимир Путин және Қытай төрағасы Си Цзиньпин 18 қарашада алғаш рет бір жерде бас қосты. Үш елдің көшбасшылары Шэньчжэнь қаласында өткен АТЭС саммитіне қатысушылардың құрметіне ұйымдастырылған салтанатты қабылдауда кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Кездесу барысында мемлекет басшылары қол алысып, қысқаша әңгімелесті. Дональд Трамп пен Владимир Путин Си Цзиньпин мен оның жұбайының екі жағынан орын алған. Салтанатты қабылдау Шэньчжэнь қаласының Футянь ауданындағы Shenzhen International Communication Center орталығында өтті. Үш көшбасшының кездесуі түсірілген видео Кремльдің Telegram-арнасында жарияланды.
Айта кетейік, бұған дейін Ақ үй Трамп, Путин және Си Цзиньпиннің келіссөз үшжақты өткізетінін хабарлаған. Кейін Қытай Сыртқы істер министрлігі де үшжақты кездесуді растады.
19 қарашада үш елдің басшылары «Цилинь Шаньчжуан» мемлекеттік резиденциясында келіссөз жүргізеді деп жоспарланған. Ақ үйдің мәліметінше, келіссөздерде ядролық қаруды қысқарту, Ирандағы соғыс және халықаралық қауіпсіздік мәселелері сөз болуы мүмкін. Сондай-ақ Украинадағы жағдай мен сауда қатынастары да талқылануы ықтимал.


20 қараша 2026 ж. 77 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№88 (10556)

21 қараша 2026 ж.

№87 (10555)

16 қараша 2026 ж.

№86 (10554)

14 қараша 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 404
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 529

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30