» » Әзірге Путин мен Трамптың жеке кездесуі жоспарланбады - Песков

Әзірге Путин мен Трамптың жеке кездесуі жоспарланбады - Песков

АҚШ пен Ресей президенттерінің жеке кездесуі әзірге күн тәртібінде жоқ. Бұл туралы Ресей Федерациясы Президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Дмитрий Песковтің айтуынша, Ресей Президенті Владимир Путин мен АҚШ экс-президенті Дональд Трамп 4 маусымда телефон арқылы сөйлескенімен, жеке кездесу туралы нақты уағдаластыққа келген жоқ. Алайда екі ел көшбасшылары мұндай кездесудің қажет екенін түсініп отыр.
«Мұндай жоғары деңгейдегі кездесуге мұқият дайындық қажет. Ол дайындықтың нақты әрі салмақты нәтижелері болуы тиіс, сол кезде ғана бұл нәтижелерді жоғары деңгейде бекітуге болады», деді Песков.
Телефон арқылы өткен әңгіме барысында тараптар бірқатар халықаралық және екіжақты өзекті мәселелерді талқылаған. Песков бұл диалогты «конструктивті» деп сипаттады.
Айта кетейік, 4 маусым күні кешкі уақытта Ресей мен АҚШ президенттері Владимир Путин мен Дональд Трамп телефон арқылы сөйлесті. Кездесудің нақты күні мен орны туралы келіссөздер алдағы уақытта жалғасуы мүмкін.
06 маусым 2025 ж. 205 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№23 (10490)

31 наурыз 2026 ж.

№22 (10489)

27 наурыз 2026 ж.

№21 (10488)

23 наурыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 755
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

АБЫРОЙ ЕҢБЕКПЕН КЕЛЕДІ
28 наурыз 2026 ж. 120

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 481

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930