» » Тоқаев пен Путин телефон арқылы сөйлесті

Тоқаев пен Путин телефон арқылы сөйлесті

Қазақстан және Ресей президенттері Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путин телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Спутник Жаңалықтары.


"Мемлекеттер басшылары бірін-бірі Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығымен құттықтады", - делінген хабарламада.

Қазақстан президенті аталған датаның фашизмге қарсы иық тіресіп соғысқан бұрынғы Кеңес Одағының барлық халқы үшін аса маңызды екенін атап өтіп, екі елдің ардагерлеріне мықты денсаулық, ұзақ ғұмыр тіледі.

Ресей президенті Қазақстан халқына бақ-береке тілеп, жүрекжарды сәлемін жолдады.

Тараптар коронавирус пандемиясына қарсы күрес мәселесін талқылау кезінде екі елдің осы бағытта тығыз ықпалдастық орнатқанын айтты.

Владимир Путин Қазақстан үкіметінің індетке қарсы күрес жөніндегі шешімдері мен іс-қимылдарын Ресей тарапы мұқият бақылап отырғанын жеткізді. Осы ретте Ресей президенті елімізде жүргізіліп жатқан халыққа, шағын және орта бизнеске қолдау көрсету шараларын жоғары бағалап, барлық іс-әрекеттің дер кезінде қабылданып, тиімді жүзеге асқанын атап өтті.

Әңгіме соңында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путин Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің алдағы уақытта өтетін отырысына дайындық мәселелерін талқылады.
08 мамыр 2020 ж. 779 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

№66 (10434)

03 қыркүйек 2025 ж.

№65 (10433)

30 тамыз 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.
Баршаның назарына!

Баршаның назарына!

21 шілде 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 364
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.
Көңілді кеш

Көңілді кеш

25 тамыз 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 135

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930