» » ҚАЗАҚСТАН МЕН РЕСЕЙ ПРЕЗИДЕНТТЕРІ БІР-БІРІН ЖЕҢІС КҮНІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

ҚАЗАҚСТАН МЕН РЕСЕЙ ПРЕЗИДЕНТТЕРІ БІР-БІРІН ЖЕҢІС КҮНІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

Мемлекет басшысы Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті.

  Екі елдің көшбасшылары бірін-бірі Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің алдағы мерекесімен құттықтады.
  Әңгімелесу барысында Қазақстан мен Ресей Президенттері екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен перспективаларын, сондай-ақ өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді, соның ішінде Армениядағы ахуалды талқылады.
  Мемлекеттер басшылары алдағы кездесулер кестесі, атап айтқанда, биылғы 14 мамырда Сочи қаласында өтетін Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысына әзірлік барысы жөнінде әңгімелесті.
  Осы орайда, екі елдің көшбасшылары Еуразиялық экономикалық одақтың 2017 жылғы ішкі және сыртқы сауда-саттық көлемі тиісінше 24,4 және 26,1 пайызға өскенін атап өтіп, халықаралық қоғамдастық тарапынан бұл бірлестікпен ынтымақтастықты дамытуға қызығушылықтың артып отырғанын айтты.

05 мамыр 2018 ж. 1 309 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№25 (10492)

07 сәуір 2026 ж.

№24 (10491)

04 сәуір 2026 ж.

№23 (10490)

31 наурыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 806
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 506

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930