» » Зеленский Қазақстанда Путинмен кездесуге дайын екенін айтты

Зеленский Қазақстанда Путинмен кездесуге дайын екенін айтты

Украина Президенті Владимир Зеленский Fox News арнасына берген сұхбатында, Батыс елдерінің көшбасшылары, соның ішінде Франция Президенті Эммануэль Макрон мен Түркия басшылығы Кремльге Қазақстанды қоса алғанда бірқатар елдерде Украина мен Ресей президенттерінің екіжақты кездесуін өткізуді ұсынғанын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Біз кездесуді Түркияда, Сауд Арабиясында, Қатарда, Еуропаның бейтарап елдерінде – Австрия мен Швейцарияда өткізуге дайын екенімізді айттық. Тіпті, егер сіздер Қазақстан сияқты елді қаласаңыздар – біз келісеміз», деді Зеленский.
Зеленский Ресей Президентімен тікелей кездесуге дайын екенін растады.
Бұған дейін Зеленский Дональд Трамп пен Владимир Путинмен үшжақты не екіжақты форматта, ешқандай алдын ала шартсыз кездесуге әзір екенін, бірақ Мәскеуде келіссөз өткізбейтінін мәлімдеген болатын.
Ал Ресей Президенті Владимир Путин Зеленскийді Мәскеуге шақырған еді. Алайда Украина басшысы бұл ұсыныстан бас тартып, керісінше Путинді Киевке келіссөзге шақырған.
24 қыркүйек 2025 ж. 373 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№84 (10552)

07 қараша 2026 ж.

№83 (10551)

03 қараша 2026 ж.

№82 (10550)

29 қазан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 291
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 442

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30