Мәслихаттар сайлауы
» » Трамп: Путин Украинамен бір мәмілеге келгісі келеді

Трамп: Путин Украинамен бір мәмілеге келгісі келеді

АҚШ президенті Дональд Трамп Ресей президенті Владимир Путинмен телефонмен сөйлескеннен кейін мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ол Украинамен бейбітшілік келісіміне қол қоюға Зеленский мен Путиннің бір-біріне деген өшпенділігі кедергі болып отырғанын айтты.
Трамп Путинмен жақсы әңгімелескенін, оның Зеленскиймен келісім жасағысы келетінін атап өтті.
«Ол  келісімге отырғысы келеді. Бұл жерде мәселе Зеленскийге де байланысты. Егер Украина президенті келісім жасағысы келсе, Путиннің де келісімге келгісі келіп тұр», деді АҚШ президенті.

АҚШ басшысы соғысты тоқтату үшін барлық жағдайды жасайтынын, Америка Құрама Штаттары үш жақты келіссөзді қайта бастауға дайын екенін мәлімдеді.
Осыдан бірнеше күн бұрын Трамптың өкілдері Стив Уиткофф пен Джаред Кушнер Мәскеу мен Киевке барып қайтқан еді. Олар 5 қыркүйекте Кремльде Владимир Путинмен үш сағаттан аса уақыт әңгімелесіп, ештеңе бітірмей кетті. Содан кейін Киевке барып, Владимир Зеленскиймен кездесті. Бұл жерде де ештеңе шешілмеді.
Осыған дейін Ресей президенті Владимир Путин мен АҚШ президенті Дональд Трамптың телефонмен сөйлесіп, Украинадағы соғысты тоқтату және екі ел арасындағы қарым-қатынасты қалпына келтіру мәселелерін талқылағанын хабарлаған едік.
11 қыркүйек 2026 ж. 187 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№85 (10553)

10 қараша 2026 ж.

№84 (10552)

07 қараша 2026 ж.

№83 (10551)

03 қараша 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 316
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 459

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30