» » Трамп жаңа мәлімдеме жасады: Иран ядролық қарудан бас тартуы мүмкін

Трамп жаңа мәлімдеме жасады: Иран ядролық қарудан бас тартуы мүмкін

АҚШ президенті Дональд Трамп Иранмен арадағы келіссөздер барысында Тегеранның ядролық қаруды тек әзірлемеуге ғана емес, оны қандай да бір жолмен сатып алмауға да келісім бергенін мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Fox News арнасына берген сұхбатында Трамп бастапқыда Иранның ядролық қару жасамауға ғана уәде бергенін, алайда кейін бұл талаптың кеңейтілгенін айтты.
– Алғашында олар «біз ядролық қару жасамаймыз» деді. Мен «ал егер оны сатып алсаңыздар ше?» деп сұрадым. Сондықтан келісімде енді Иранның ядролық қаруды әзірлемейтіні де, сатып алмайтыны да көрсетілген. Бұл үлкен айырмашылық, – деді АҚШ президенті.
Трамптың айтуынша, Вашингтон мен Тегеран тиімді келісімге қол жеткізуге жақын. Алайда келіссөздер нәтиже бермесе, АҚШ әскери әрекеттерге қайта оралуы мүмкін екенін ескертті.
– Біз өте жақсы келісімге жақындап қалдық. Егер оған қол жеткізсек, бұл тамаша болады. Ал егер мәміле жасалмаса, әскери ведомствоның мүмкіндіктерін қайта пайдаланамыз, – деді Ақ үй басшысы.
Сонымен қатар, Трамп Иран тарабының келіссөз жүргізуде өте қатаң ұстанымда екенін атап өтті. Оның сөзінше, тараптар өз мақсаттарына біртіндеп жақындап келеді.
31 мамыр 2026 ж. 174 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№66 (10534)

01 қыркүйек 2026 ж.

№65 (10533)

29 тамыз 2026 ж.

№64 (10532)

24 тамыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 761
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 1 200

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930