» » Иран соққыдан кейін де уран байытуды тоқтатпайтынын мәлімдеді

Иран соққыдан кейін де уран байытуды тоқтатпайтынын мәлімдеді

Иранның Атом энергетикасы жөніндегі агенттігі АҚШ-тың Натанз және Фордо қалаларындағы зауыттарға жасаған шабуылына қарамастан, елдің уран байыту бағдарламасы тоқтатылмайтынын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Reuters агенттігі келтірген мәлімдемеде Иран "елдің өндірістік дамуы" тоқтамайды, деп нақты айтылған. Бұл тұста ядролық инфрақұрылым меңзеліп отыр.
“АҚШ-тың әрекеттерін халықаралық құқық пен Ядролық қаруды таратпау туралы шарттың өрескел бұзылуы деп атаймыз. МАҒАТЭ ұйымын үнсіздік пен әрекетсіздік танытты деп айыптаймыз”, – деді Агенттік. 
Еске салайық, бұған дейін АҚШ президенті Дональд Трамп Иранның ядролық нысандарына соққы жасағанын мәлімдеген еді. 
"Иранның үш ядролық нысанына сәтті соққы жасадық, олардың қатарында Фордо, Натанзу мен Исфахан бар. Толыққанды соққы басты нысан – Фордоға жасалды. Беделді америкалық сарбаздарымызды құттықтаймын. Әлемде мұны істей алатын әскер жоқ", – деп жазды ол.
22 маусым 2025 ж. 320 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№70 (10538)

15 қыркүйек 2026 ж.

№69 (10537)

12 қыркүйек 2026 ж.

№68 (10536)

08 қыркүйек 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 864
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 120

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930