» » Иранның жаңа президенті кім болды?

Иранның жаңа президенті кім болды?

Иранда президенттік сайлаудың екінші турында Масуд Пезешкиан 53,3 пайыз дауыс жинаса, оның қарсыласы консерватор Саид Джалили 44,3 пайыз дауыс жинады, деп жазады Egemen.kz.
BBC-дің жазуынша, сайлау Иранның бұрынғы президенті Эбрахим Раиси тікұшақ апатынан қаза тапқаннан кейін тағайындалды. 28 маусымда өткен бірінші турда бірде-бір кандидат көп дауыс ала алмаған соң, сайлаудың екінші кезеңін өткізуге тура келді.
Сайлау қорытындысын шығарғаннан кейін Пезешкиан жақтастарына алғыс айтты, деп хабарлайды Франс Пресс.
«Біз барлығына достық қолын созамыз, бәріміз осы елдің адамымыз, барлығын елдің өркендеуі үшін пайдалануымыз керек», - деді ол.
Бұрынғы кардиохирург Масуд Пезешкиан сайлау науқаны кезінде Иранның полициясын сынға алды. Ол Иранның басқа әлемнен «оқшаулануын» тоқтатуға уәде берді. Пезешкиан сонымен қатар 2015 жылғы ядролық келісімді қайта жандандыру бойынша Батыспен «конструктивті келіссөздер жүргізуге» шақырды, оған сәйкес Иран Батыс санкцияларын жеңілдетудің орнына өзінің ядролық бағдарламасын шектеуге келісті.
07 шілде 2024 ж. 447 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№42 (10510)

06 маусым 2026 ж.

№41 (10509)

02 маусым 2026 ж.

№40 (10508)

30 мамыр 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 262
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 800

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930