» » Шавкат Мирзиеев президент сайлауында жеңіске жетті

Шавкат Мирзиеев президент сайлауында жеңіске жетті

Өзбекстанда өткен сайлауда Шавкат Мирзиёев 80,1% дауыс жинап, екінші мерзімге қайта сайланды. Бұл туралы Өзбекстан орталық сайлау комитетінің басшысы Зайниддин Низамходжаев мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 


Gazeta.uz басылымының жазуынша, Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев жексенбіде өткен сайлауда айқын басымдылықпен жеңіске жетіп, екінші мерзімге қайта сайланды. ОСК басшысы Зайниддин Низамходжаевтың айтуынша, сайлау халықаралық стандарттарға сай әрі кандидаттар арасындағы шынайы бәсекелестік жағдайында өткен.
Либералдық-демократиялық партиядан үміткер болған Шавкат Мирзиеевке халықтың 80,1 пайызы дауыс берді.
Бұл сайлауда Халықтық-демократиялық партиясынан сынға түскен Мақсуда Варисова 6,6 пайыз, "Миллий тикланиш" партиясынан Әлішер Қадиров 5,5 пайыз, Экологиялық партиядан Нарзулла Обломурадов 4,1 пайыз және "Адолат" социал-демократиялық партиясынан Бахром Абдухалимов 3,4 пайыз дауыс жинады.
25 қазан 2021 ж. 807 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№70 (10538)

15 қыркүйек 2026 ж.

№69 (10537)

12 қыркүйек 2026 ж.

№68 (10536)

08 қыркүйек 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 863
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 119

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930