» » Иранда президентті жерлеу және еске алу рәсіміне жүз мыңдаған халық жиналған

Иранда президентті жерлеу және еске алу рәсіміне жүз мыңдаған халық жиналған

Иранның президенті Ибрахим Раиси мен сыртқы істер министрі Амир Абдоллахиянды жерлеу рәсімі Табризде өтті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Mehr сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Иран президентінің жерлеуіне жүз мыңдаған адам келген.
21 мамырда Шығыс Әзірбайжан провинциясында, Құм провинциясындағы қасиетті жерде және Тегерандағы ұлы мешітте қаза тапқандарды жерлеу рәсімі өтті. 22 мамырда Тегеран университетінде жоғары шенді шетелдік қонақтардың қатысуымен тағы бір еске алу рәсімі өткен.
23 мамырда Раисидің денесі екінші жерлеу рәсімі үшін Оңтүстік Хорасан облысына жеткізіледі.
Рәсімде сөз сөйлеген Иранның ішкі істер министрі Ахмад Вахиди елдің "сүйікті және кішіпейіл президентінің мерт болуына байланысты аза тұтатынын" атап өтті.
Еске салсақ, Иран президенті тікұшақ апатынан қаза тапқаны туралы хабарлаған едік. Жағдайдан соң Тоқаев Иран президентінің қазасына қатысты көңіл айту жеделхатын жолдады. 
23 мамыр 2024 ж. 240 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№69 (10437)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 414
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 213

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930