» » Иран президенті мінген тікұшақ апатты жағдайда қонды

Иран президенті мінген тікұшақ апатты жағдайда қонды

Иран президенті Ибрахим Раисимен тікұшақ Әзірбайжан шекарасына жақын Верзеган қаласында апатты түрде қонды. Бортта президенттен бөлек, елдің Сыртқы істер министрлігінің басшысы да болған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі IRIB телеарнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Деректерге сай қазір құтқару топтары оқиға орнына жетуге тырысуда.
Апатқа дейін Ибрахим Раиси Әзірбайжан басшысы Ильхам Әлиевпен Аракс өзенінің жағасындағы екі елдің шекара бекетінде кездескен. Қазір әскери және полиция күштері тікұшақты іздеу үшін ауқымды операцияны бастаған. Дегенмен іздеу жұмыстарын тұман қиындатуда. 
Tolo News агенттігі апаттан кейін президенттің спутниктерінің бірінің орталыққа телефон шалғанын жеткізді. Көпшілік соған қарағанда құрбандар жоқ деп үміттенуде. 
Президент кортежінің құрамында барлығы үш тікұшақ болған. Деректерге сүйенсек, қалған екеуі аман-есен қонған.
Кейінірек Иран президентінің жағдайы жақсы екендігі және көлікпен Табризге бара жатқандығы туралы ақпарат пайда болды. Дегенмен Иран ІІМ басшысы ел президентінің зардап шекпегені туралы хабарламаны растаған жоқ. Әзірге тікелес байланыс жоқ.

19 мамыр 2024 ж. 303 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№77 (10445)

11 қазан 2025 ж.

№76 (10444)

07 қазан 2025 ж.

№75 (10443)

04 қазан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 622
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 394

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031